Техно. K-Glove робоқолғаптары

Техно. K-Glove робоқолғаптары

General Motors компаниясы өзінің өндірісінде жаңа K-Glove робоқолғаптарып енгізуді жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, өндірістегі жұмысшылар осы технологияны өздерінің жұмысында көмекші құрал ретінде пайдаланады. Компания басшылығының айтуынша, бұл технологияны физикалық жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің қызметін жеңілдету үшін  енгізбек. 

K-Glove робоколғабының қызметі сол, кез келген нәрсені қысып ұстау кезінде көмекші болып, қосымша күш беріп тұрады. Мәселен, бір нәрсені қысып ұстар болсақ, электрден қуат алып тұрған колғап затты өздігінен қыса түседі. Содан соң, адам қолын босата берсе болады. Затты қолғаптың өзі қысып ұстап тұра береді. Гаджеттің салмағы жарты килограмды құрайды. 

Бұл технология осы компанияның  Robonaut 2 астронавты жобасына параллель жобалардың бірі.

Құрылғымен төмендегі бейнебаянда таныс болыңыздар:

сурет: techvesti.ru