Қазақ тағамдарын ұнатқан өзге ел президенттері

Қазақ тағамдарын ұнатқан өзге ел президенттері
Фото: https://wikiway.com/

Кез келген халық өз асханасын, ұлттық тағамдарын өзгеге танытуға тырысатыны белгілі. Ұлттық тағамды жоғары талғаммен дайындап, аталы қонақтың алдына ұсынатын қазақ асханасының да берері мол. 

Бұл жағынан дүниенің дүлдей басшылар бас қосатын ардақты сарай – Ақорданың аспаз асханасы қазақ ас-тағамын абыроймен танытып жүр. Ас дайындау да шығармашылық эксклюзивті талап ететін өнер екені мәлім. Қазақ асханасының өнері әлем басшылар тарапынан ықыласпен бағаланып жататын кезі аз емес.

Ресей басшылығы қызметін атқарған уақытында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) қонақ болған Дмитрий Медведев қазақ қуырдағына тәтті болған екен. Тамақтану барысында қосымша үлес, яғни, сыбаға сұрап тағы да тамақтанған. Ақордаға тағы жолы түскен Медведев қой етінен жасалған стейкті жеп, оған да таңданыс білдіріпті. Соған қарағанда Ресейдің бұрынғы басшысына ет тағамдары өте ұнайтын көрінеді: етке деген талғамы да мықты болып шықты. Сондықтан Дәкеңнің қазақ даласының етіне берген оң бағасы сөзсіз мәртебе саналмақ. Елорда аспазшыларының айтуынша, қуырдақ біраз елдің басшысына ұнаған екен. 

Ал Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин елорда асханасында дайындалған палауды мақтаған. Астанаға сапары барысында Өзбекстанда да болған Ресей президенті өзбек палауынан дәм татып, кейін қазақ асханасында жасалған палауға да қошемет білдіруі қуантарлық жайт.

Қазақ даласы – алманың отаны. Сиверс алмасы деп аталып кеткен атақты алма қазақтың қарапайым ғана қызыл алмасы. Елорданың бес аспап аспазшылары да қазақ алмасын елге таныту алма тәттісін пісіріп, басшы қонақтарға ұсынады. Бұл – кеңес кезінен жасалып келе жатқан тағам. Бірде бұл десерттің ерекше дәміне таңғалыс білдірген ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тағамның жасалу жолын сұраған. Ал аспазшылар тағамның қышқыл дәмін келтіретін әрі алманың хош иісін беретін ваниль екенін айтқан. Кейін қытай көшбасшысы өзімен бірге арнайы рецептілермен дайындалған 30 қағазқапшық ваниль алып кеткен.

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі құрт араб елшілігі өкілдеріне де ұнаған. Тіпті, елорда аспазшылары оларға бұл тағамды олардың сұраныстары бойынша арнайы араб мемлекетіне жіберген де екен.

Қазақ асханасында дайындалып жатқан қадірлі де қуатты қазы-қарта, жал-жая, бешбармақ ет деликатестері мен жент, құрт, ірімшік тәрізді десерттер талай ел басшыларының берекелі асына айналары сөзсіз.

Қ. Слямбек