Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Жанармайды үнемдеу жолы

Жанармайды үнемдеу жолы

Жанармайды үнемдеу жолы

Көлік иелері бензин үнемдеудің түрлі жолдарын іздеп әлек. Кей бірі көлемі аз көліктерді сатып алғысы келеді. Кейде қозғалтқыштың шығынын азайту үшін көлік жөндеу орталықтарының қызметіне жүгінуге болады.

Бірақ көбіміз бензин үнемдеудің қарапайым жолдары бар екенін аңғармаймыз. Соның кейбіріне тоқталып өтелік.

1. Қалада жүрген кезде бакқа аз бензин құйғаныңыз жөн. Қала ішінде кептеліс пен бұрылыс-бұлтарыс көп. Бірде қатты, бірде ақырын жүруге тура келеді. Ал бакта бензин аз болса, көлікке көп салмақ түспейді. Бакты толтырып алғаннан пайда жоқ. Босқа көлікке ауыр салмақ түседі де, бензин көп жағатын болады.

2. Баратын жеріңізді дұрыстап сызып, жоспарлап алған жөн. Бірнеше жерге бару керек болса, бір-біріне қалай тез баруға болатын жолды, маршрутты іздеңіз. Айналып жүре бергенше, бірінен кейін біріне баратындай жол іздеген әлдеқайда жақсы.

3. Көліктің қорабы мен қозғалтқышын күтіп ұстаңыз. Көлік жөндеу орталығына барып, ақауын ертеден жөндегеніңіз жөн. Ал жақсы істейтін қозғалтқыш көп бензин шығындамасы анық.

4. Британия автоклуб корольдігінің зерттеу жүргізуінше, тас жолда бензин үнемдеудің ең оңай жолы – 90 км/сағат жылдамдықпен жүру екен. Ұзын тас жолда осы жылдамдықты ұстануға тырысыңыз, ал қалада олай болмасы анық.

5. Автокөлікте барынша аз жүк болғаны жөн. Адам көп жүк көтерген сайын көп қуат жұмсайтыны сынды көлік те көп жүк тасыған сайын көп бензин жағады. Статистикалық деректерге қарағанда, көлік салмағына қосылған әрбір 50 келі жүк 2 пайыз көп бензин шығындайды.

6. Көліктің төбесіндегі жүк салғышты алып тастаңыз. Қазір қажеті болмаса, оны босқа тасып жүрудің пайдасы жоқ. Бос жүк салғыш пен бампер бензин шығынын 10 пайызға дейін көбейтіп жібереді.

7. Көліктің терезесін ашып салқындатқан жөн бе әлде кондиционер қосқан дұрыс па? Жасалған көп зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, көлікпен ақырың жүрген кезде терезе ашып қойған дұрыс. Ал 80 км/сағ жылдамдықтан асырған жағдайда, кондиционер қосқан жөн.

8. Қалада біркелкі жүруге тырысыңыз. Қатты, жылдам, асығыс жүруге тырыспаңыз. Асығыс-үсігіс жүргеннің кесірінен бензин 2 есе көп шығындауыңыз мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қымбат Слямбеков
Фото: yandex.kz
Қосылған күні: 02 сәуір, 10:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->