Тамақ дайындап жейтін жануарлар

Тамақ дайындап жейтін жануарлар
Фото: yandex.kz

Адам – азық пен түлікті бір-бірімен қосып, түрлі дәмді араластырып, тамақ жасайтын жер бетіндегі жалғыз жаратылыс иесі. Бірақ табиғатта тамақ жасап жейтін басқа да тіршілік иелері бар көрінеді.

Мәселен, үлкен басты құмырсқа тауып әкелген азығын дернәсілдің ішіне салып біраз уақыт сақтайды екен. Өйткені азыққа дернәсілден бөлінетін ферменттер араласып, тағамның дәмін келтіреді. Оның үстіне, мұндай тағамды құмырсқаның асқазаны тез қорытады.

Ал жыланторғай улы шегірткені аулаған кезде, оны ағаш қылқанына не бұтаның тікенегіне қадап, екі күн қойып кетеді. Осы уақыттың ішінде шегірткенің уы кетіп, дайын азық болмақ.

Ал капуцин-маймылдар пальма жаңғағын жұлып алып, күннің астына қойып кептіреді. Кептірілген жаңғақты оңай шағуға болады.

Бірде зерттеушілер макакаға картоп беріп, не істейтінін бақыламақ болған екен. Сонда маймыл картопты жемес бұрын жуып тазалап, сосын ғана ауызына салған.

Құлпынайды да жуған кездері бопты. Бірақ құлпынайды жуу үшін көп уақыт кететіндіктен, макаканың кейбірі оны жеуден бас тартқан да көрінеді. Алайда кейін келе макалалар жеміс-жидекті өзенге не мұхитқа барып жууға болатын көріп, соған әдеттеніп алған екен. Зерттеу 1952 жылы Кодзима аралында өткізілген.

Қ. Слямбек