Ғарышта алғаш рет піспенан дайындалды

Ғарышта алғаш рет піспенан дайындалды
Фото: vk.com

Халықаралық ғарыш стансасында астронавттар алғаш рет піспенан даярлады.  Қазір ол Хьюстондағы зертханада сақтаулы тұр. Әзірге оны ешкім жеп көрмеді. Жеуге жарамды-жарамсыз екеніне де белгісіз.

2019 жылдың қараша айында Халықаралық ғарыш айлағына пеш орналастырылды. Онымен Жер бетінде 20 минутта пісетін тамақ гравитация жағдайында 2 сағатта дайындалатын боп шықты.

Бірінші порциясы 149 градуста 25 минут ұстаған. Бірақ ол шикі болып шықты. Кейін 50 минутқа ұстап көреді. Бұл да нәтижесіз болып, температура 163 градусқа арттырғанның өзінде 130 минутта ғана піскен.

А. Оралқызы