Нейрожүйе Рубик кубигін адамнан оңай жинауды меңгерді

Нейрожүйе Рубик кубигін адамнан оңай жинауды меңгерді

Жасанды сананың жетістігі жыл санап артып келеді. Адамның өзінен ақылды, адамның өзінен епті бола бастағанына таңданасың. Жақында Калифорния университетінің ғалымдары нейрожүйеге Рубик кубигін оңай жинауды меңгертті.

Nature Machine Intelligence журналы хабарлағандай, жасанды DeepCubeA нейрожүйесі Рубик кубигін адамнан тез жинамаса да, орта есеппен алғанда 20 рет қана айналдырып шешімін табуды үйренген.

Рубик кубигін жинаудан әлемдік рекорд 4 секунд шамасында. Бірақ оны толықтай орындау үшін адам 50-ге жуық жүріс жасайды. Ал нейрожүйе болса 20 рет қана айналдырып, барлық түсті сәйкестендіріп береді.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар