Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Өмірін сақтау үшін рекорд жасаған "Аполлон-13" экипажының тарихы

Өмірін сақтау үшін рекорд жасаған "Аполлон-13" экипажының тарихы

Өмірін сақтау үшін рекорд жасаған

"Аполлон-13" кемесінің экипажы өмір үшін күресіп, ерекше рекорд орнатқанын білесіз бе? Олар басқарылатын ұшу барысында әлі күнге бұзылмаған рекорд жасаған.

Айға аяқ басатын үшінші топ - дәл осы "Аполлон-13" экипажы болуы қажет еді. Аппаратты үш ғарышкер басқарған. 

- 42 жастағы Джеймс Артур Ловелл - командир;

- 38 жастағы Джон Леонард Суайгерт - командалық модульдің ұшқышы;

- 36 жастағы Фред Уоллес Хейз Ай модулінің ұшқышы.

1970 жылдың 15 сәуірінде аспанда қалықтап жүрген ғарыш кемесінің сұйық оттегі толған багы жарылады. Бұл кезде "Аполлон-13" аппараты Жерден 330 мың шақырым қашықтықта болатын. Төтенше жағдайдан соң экипаж мүшелері Айға қона алмайтындарын түсініп, кері қайтуға шешім қабылдайды. 

Экипаж өмірін сақтап қалу үшін бұрын-соңды зерттелмеген бағыт бойынша Айды толықтай айналып өтеді. Араға күн салып экипаж толық құраммен Жерге аман-есен қонады. Барлығы "Аполлон-13" кемесі аспанда 142 сағат 42 минут 22 секунд болған екен. Жер мен Айдың арғы бетінің ара қашықтығы 401 056 шақырымды құрайды. Әлі күнге бірде-бір адам баласы бұл межені бағындырған жоқ. 

1995 жылы режиссер Рон Ховард ғарышкер Джеймс Ловелл мен жазушы Джеффри Клугердің "Жоғалған Айатты кітабының желісі бойынша "Аполлон-13" драмалық фильм түсірді. Дәл осы кинодан кейін экипаж мүшесі Джон Суайгерттің "Хьюстон, бізде проблема" (Houston, we have a problem) сөзі ел арасында танымал болды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: NASA
Қосылған күні: 12 шілде, 13:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.