Ұшақта не істеуге болмайды?

Ұшақта не істеуге болмайды?
Фото: freepik.com

Мамандар ұшақта бізге қалыпты көрінетін кейбір әрекеттерді істемеуге кеңес береді. Ол не дейсіз ғой? 

1. Жалаң аяқ жүру

Ұшақта аяқ киімді шешіп отырғанға не жетсін?! Алайда салонда жалаң аяқ жүруге болмайды. Өйткені ұшақ қоғамдық көлік, демек қанша жерден таза ұстауға тырысқанымен, миктобтардың көптігі күмәнсіз.

2. Тапжылмай бір орында отыру

Аспанда көп уақытын өткізетін жолаушылар терең көктамырдың қан ұюға бейім келеді. Мамандар саяхаттауды жақсы көретіндер не іссапарға көп шығатындарға компрессиялық шұлық киюге кеңес береді. Осы себепті бір орында ұзақ уақыт тапжылмай отыру зиян, мүмкіндік болса жүріп қайту керек.

3. Линза тағу

Ұшар алдында линзаны шешіп, көзілдірік таққан дұрыс. Өйткені ұшақ салонының ауасы құрғақ болғандықтан көзді тітіркендіреді.

4. Орындықтың үстіндегі желдетуді өшіру

Егер тоңып қалсаңыз, желдетуді өшіруге асықпаңыз. Себебі желдету тек ауа салқындату қызметін ғана емес, ауру тудырушы микробтарды жою қызметін атқарады.

5. Подносқа түскен тамақты жеу

Есіңізде болса, орындықтың арқасына орнатылған подностарды ешкім зарарсыздандырмайды. Сол себепті ешқашан оның үстіне тамақ, қасық секілді маңызды заттарды қоймаңыз.

Travelmath жүргізген зерттеуге сәйкес, подностың бір шаршы дюймінде орташа алғанда 2 155 бактерия өмір сүреді екен. Оның үстіне подносты тек тамақ ішу үшін ғана қолданбайтын жолаушылар бар екенін ескеріңіз.

6. Шөлдегенге мән бермеу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, ұшақтың салонындағы ылғалдылық 20 %-дан төмен. Бұл салонның герметизациясы үшін жасалады. Егер шөлдесеңіз жолсерікке су әкеп беруін өтініңіз және барынша көп су ішуге тырысыңыз.

7. Қысқа киім кию

Ұшар алдында қысқа шолақ шалбар, қысқа белдемше не көйлек кимеңіз. Салонда салқын болатынын және орындықтарды ешкім зарарсыздандырмайтынын ескеріңіз.

8. Күннен қорғайтын крем қолданбау

Мамандардың айтуынша, азаматтық авиацияның пилоттары бір сағаттық ұшу кезінде солярийде 20 минутта алатын ультракүлгін сәулесін алады екен. Терезе жақын орынды таңдасаңыз міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз.

9. Ұшу алдында ұйықтау

Ұшақ әуеге көтерілгеннен соң ғана ұйықтаңыз. Жолсеріктің айтқан нұсқаулығын тыңдап, ұшу кезінде ұйықтамауға тырысыңыз.

10. Газдалған сусын ішу

Ұшу кезіндегі қан қысымының айырмасы ішекте газ түзілуге әсер етеді. Сол себепті газдалған сусын не шампан ішуден бас тартыңыз.

А. Рысдәулет