iPhone смартфонын қайта жүктеу қаншалықты пайдалы?

iPhone смартфонын қайта жүктеу қаншалықты пайдалы?

Apple корпорациясы шығаратын iPhone смартфондарын ұстайтындар саны көп-ақ. Оларды мазалайтын сұрақтар да аз емес. Соның бірі - смартфонды қайта жүктеу (перезагрузка) жайлы.

Қайта жүктеудің пайдасы бар-жоғын корпорация осыған дейін ресми түрде ашып айтқан емес. iPhone смартфонын ұстайтындардың пікірі де екіге жарылады. Бір қолданушылар смартфонның жұмысы баяулағанда шынымен көмектесетінін айтса, енді біреулер бұл тәсілді құр босқа уақыт өткізу деп санайды.

Бұған қатысты жауаптың бірін бұрын Genius Bar қызметкері болған маман бір сұқбатында айта кеткен.

- Apple корпорациясында жұмыс істеген кезде қолданушыларға қайта жүктеу жасауды үнемі ескертіп отыратынбыз. Бұл көбіне смартфон жұмысы баяулағанда, қандай да бір қателіктер болғанда айтатын ең бірінші кеңесіміз болатын.

Мен негізі iPhone-ды аптасына бір рет толықтай қайта жүктеп тұруға кеңес беремін. Бұл да кәдуілгі компьютер сияқты. Бірнеше күн тоқтамай жұмыс істеп, кейіннен компьютерді өшіріп қосқанда жұмыс жылдамдығы арта түсетіні белгілі. iPhone да сондай, - дейді маман.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады