Батырмалы телефон ұстау сәнге айнала ма?

Батырмалы телефон ұстау сәнге айнала ма?
Фото: itc.ua

Соңғы жылдары батырмалы телефон ұстайтын жандар саны артып келеді екен. Құдды қайта бір нарыққа оралғандай. Бірақ бұл жолы нарыққа емес, сәнге айналуы мүмкін. Неге?

- Сәнге немесе қарапайымдылық үшін батырмалы телефондарды ұстау бірер жылда трендке айналады, -  деп болжайды сарапшылар. Демек смартфондарға сұраныс төмендейді.

Батырмалы телефондар ұстау арқылы адамдар өздерінің интернетке тәуелділігін тоқтатқысы келеді. Себебі смартфон қолданушылары көп уақытын интернетке кіріп өткізетіні рас. Ал батырмалы телефондармен интернетке кіру ыңғайсыз.

Адамдардың батырмалы телефон ұстауына екінші бір себеп - арзан болуы. Сатып алуға көп қаржы шығындамайсың. Жоғалса да жаның қатты ауыра қоймайды.

Үшіншіден батырмалы телефондар тек хабарласу үшін ғана керек болғандықтан, көп қуатты қажет етпейді де. Яки, бір қуаттап алсаңыз бірнеше күн еш уайымдамай жүре бересіз.

Ал сіз қандай телефон ұстайсыз?

Н. Үсенова