Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / 2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны

2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны

2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны

Fortune журналы нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны анықталды. Сарапшылар барлық тұрғыдан қарай келе iPhone XS Max, Google Pixel 3, Huawei Mate 20 Pro, OnePlus 6T және Samsung Galaxy Note 9 смартфондарын үздіктер қатарына қосқан.

iPhone XS Max смартфоны мамандарды сурет пен видео түсірудегі сапасы, көлемі мен экран тұнықтығы тұрғысынан таңдандырған. Бір ғана кемшілігі - бағасының аса қымбат болуы.

Google Pixel 3 үздік бестікке спамдарды бірден бұғаттайтын мүмкіндігі бойынша енген. Одан кейін камерасы арқылы қараңғыда да обьектілерді айқын бақылауға болады екен.

Huawei Mate 20 Pro ұзақ уақытқа жететін қуаты бойынша сарапшылар назарына іліккен. Суреттерінің сапасы жоғары, әрі жасанды сана көмегімен жұмыс жасайды.

Рейтингтегі қолжетімді смартфондардың бірі саналған - OnePlus 6T. Бұл смартфонның да артықшылығы көп. Дисплейдегі қол ізі бағдарламасы, суреттердің аса сапалы болуы жағынан алдыңғы қатарда. Камерасы түнгі уақытта да тамаша суретке түсіреді.

Сарапшылар таңдауы бойынша үздік бестікке енген смартфонның бірі - Samsung Galaxy Note 9. Мамандар оның мониторға жалғанып, жеке компьютер ретінде жұмыс жасауға болатынын жоғары бағалаған.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: news.gh-lep.com
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2018, 13:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.