Instagram желісіндегі ең танымал 10 адам

Instagram желісіндегі ең танымал 10 адам
Фото: google.kz

Қазір танымалдылықты бағамдаудың түрлі жолдары бар. Соның бірі - Instagram әлеуметтік желісіндегі тіркелушілер саны. Кімнің ресми парақшасында тіркелушілер саны көп болса, демек танымал жандар қатарында.

Әлеуметтік желідегі тіркелушілер саны арқылы қыруар қаржыға кенеліп, кәсібін дөңгелетіп жатқандар да жетерлік. Бұл кәсіптен әлем таныған тұлғалар да кенде емес. Бірер күн бұрын әйгілі футболшы Криштиану Роналду Instagram желісіндегі тіркелушілер саны бойынша бірінші орынға шығып, тағы бір танымалдылығын арттырды. Көш бастап келген әнші Селена Гоместі басып озды. Қазір Роналдуда 144 336 300 миллион тіркелуші болса, америкалық әншінің тіркелушісі 15 000-ға кем.

"Hopper" сервисі ақпараты бойынша Роналдудың желідегі бір жарнамалық жазбасының құны 750 мың АҚШ долларын құрайды екен. Ал Селена болса 800 мың доллар деп бекіткен.

Instagram желісіндегі ең танымал адамдардың үштігінде америкалық тағы бір әнші Ариане Гранде орналасқан. Қазір оның ресми парақшасына тіркелгендер саны 132 миллионнан асып жығылады.

Қазақстандық өнер жұлдыздары да Instagram желісінде белсенді. Қайрат НұртасБаян МақсатқызыАша Матай сынды әншілерге тіркелгендер саны 3 миллионнан асады. Мәдина СәдуақасоваҚарақат ӘбілдинаАйдана МеденоваСәкен Майғазиев пен Айқынның тіркелушілері 2 миллионнан асып, 3 миллионға жақындап барады.

Ө. Сансызбай