Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Телефон қуаты тез таусылуының себептері

Телефон қуаты тез таусылуының себептері

Телефон қуаты тез таусылуының себептері

Адам көңіл-күйін бұзатын бір сәт: сіз тез арада біреуге қоңырау шалуыңыз керек. Телефоныңызға қарасаңыз қуаты бар-жоғы екі-ақ пайыз қалыпты. Көңіл күйіңіз түседі, телефон қуаты таусылып қала беретіні үнемі кедергі келтіреді. Қуаттайтын жер іздеп әбігерге түсесіз. Таба алсаңыз "мешкей" телефоныңыздың қуатталуын біраз уақыт күтесіз. Таба алмасаңыз өшті – бітті.

Мұндай жағдайлар әрқайсымыздың басымызда болып тұрады. Төменде біз телефон қуатының не үшін тез таусылып қала беретінін айтып өтейік.

1. Сіз телефоныңызды үнемі 100 пайызға жеткенше қуаттайсыз ба? Бұл үлкен қателік дейді мамандар. Себебі телефон батарейкасының максимал қуаты 30 бен 80 пайыз аралығында болады екен. Біз телефонды қайта-қайта қуат көзіне жалғау оның батарейкасын істен шығарады деп ойлаймыз. Эксперттердің айтуынша, күніне бірнеше рет қуаттау батарейканың ұзақ уақыт қызмет етуінің кепілі болады екен.

2. Үнемі телефон қуатын "қызылға" түсіріп жүру жақсы әдет емес. Телефоныңызды мұншалықты зорықтырмаңыз. Мамандардың айтуынша тек екі айда бір рет қана телефон қуатын 0 пайызға дейін пайдалану керек. Бұл профилактика үшін де қажет.

3. Барлық гаджет экстремал температураны жақсы көрмейді. Телефонды өте суық (нөлден төмен) және 35-тен жоғары температурада қолдану да оның батарейкасын тез істен шығарады.

4. Смартфонды арақашықтықтан тұрып қуаттау зиян. Ол батарейканы тез қыздырып жібереді.

5. Қуаттау кезінде телефоныңызды жұмсақ заттар үстіне қоймаңыз. Бұл да смартфоныңызды тез қыздырып, өрт қаупін туғызады.

6. Бәріміздегі әдет телефон қуаттау құрылғысын ұмыт қалдырып, орнына қажет кезде арзан қуаттау құрылғысын сатып алып пайдаланамыз. Арзан қуаттау құрылғылары смартфонды ұзақ қуаттайды. Нәтижесінде телефон қызады.  Бұл да телефон "өліп" қалуының бір себебі екен.

0
Рейтинг: +1

Фото: mbdevice.ru
Қосылған күні: 11 маусым, 12:10
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.