Виртуалды көзілдірік нұсқасы ұсынылды

Виртуалды көзілдірік нұсқасы ұсынылды
Фото: hi-news.ru

IT саласында алдыңғы қатарға шығып, дамуы мен өндіріс жағынан ешкімге дес бермей келе жатқан санаулы бестік бар: Жапония, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Германия. Олардың өндіріп отырған өнімдері, жасап жатқан жаңалықтары адамзат баласы үшін таптырмас мүмкіндіктерді беруде. Мәселен Microsoft ұсынған Holones гарнитурасы қымбат болса, Magic Leap жарыққа шыққанымен бәсекелестерінің алдына түсе алар емес. Ал бұл мүмкіндікті ерте пайдаланып кеткен Қытайдың Rokid стартапы AR көзілдірігін ұсынады. 

Өндіруші орынның жетекшісі Рейнолдьд Байдың айтуынша, Google AR құрылғысы арқылы нарыққа шыққысы келді, бірақ сәтсіздікке ұшыраған. Қазір басқа әлем, осыдан он жыл бұрынғы жағдаймен салыстыруға келмейді. Кез келген өнімнің құрылымы және құрамы өзгеріске түсіп, барынша адамға ыңғайлы, кішкене күйлерінде өндіріліп жатыр. 

Көзілдірікті қимыл және дауыс ырғағы арқылы басқаруға болады. Бұл ғана емес онда сенсорлы қабат бар, сол арқылы да жұмыс жасауға болады. Линза мен көзілдірік арасында камера орналасқан, ал көзілдірік әйнегі OLED-дисплеймен жабдықталған. Айта кету керек, құрылғы Android операциялық жүйесінің ең керемет түрімен жұмыс жасайды. 

«Біз сіздің өміріңіздің виртуалды әлемге түскенін емес, қайта жақсы болғанын ғана қалаймыз». Бұл өндірушілердің алдыға қойған мақсаты. 

М. Ақан