Iphone және Android смартфондары: кім мықты?

Iphone және Android смартфондары: кім мықты?
Фото: dazeinfo.com

Бұл екі компания арасындағы бәсекелестік бітпейтін дау. Себебі бірі элитаға немесе ақшасы барларға жұмыс жасаса, бірі қол жетімді қарапайым халық үшін жұмыс жасайды. Негізі екеунің де аудиториясы халық. Бірақ кез келген адамның қолында Iphone бар дегенге сенесіз бе?!

Кіл мықты, кім мықты: Iphone ба, әлде Android па? Жауабын бірге қарайық.

Iphone тез жұмыс жасайды.

Iphone өнімдерінің кез келгені түрі жұмысты тез әрі нақты жасайды. Салыстырмалы түрде алған кезде Iphone телефондары Android смартфондарына қарағанда жұмысты екі есеге тез орындайды. Мәселен Android 3-4 минут уақыт жұмысау арқылы күрделі тапсырманы орындаса, Iphone 1,5-2 минут ішінде орындауға тырысады.

Iphone камераларына сөз жоқ

Android смартфондарының ішінде камерасы ең мықты Samsung Galaxy Note 8 және Google Pixel 2/2 XL. Олар түн болса да жарық әрі анық түсіруге арналған. Бірақ жақында шыққан Iphone 8 Plus екеуін де шаң қаптырып кетті десек болады.

Ең сапалы бағдарламалар алдымен IOS жүйесіне шығады

Кез келген ең сапалы және ең керемет деген бағдарламалар, ойындар алдымен IOS жүйесінде жарық көреді. Тек біраз уақыт өткен соң барып оларды Google Play жүйесіне жүктеледі.

М. Ақан