2017 жылдың ең танымал құпиясөздері

2017 жылдың ең танымал құпиясөздері
Фото: Locate My Laptop

SplashData компаниясы 2017 жылдың ең танымал құпиясөздерінің рейтингін жариялады. Аталған компания бұл рейтингті жетінші жыл қатарынан түзіп отыр.

Интернет қолданушыларының бұл құпиясөздері танымал ғана емес, сәтсіз әрі бұзып ашуға оңай құпиясөздер болып та саналады. Әйтсе де адамдар есте тез сақталатын құпиясөздерді таңдайтыны жасырын емес.

SplashData мамандары 2017 жылы бұзып ашылған 5 миллионға жуық интернет қолданушыларының құпиясөздерін сараптамадан өткізген. Нәтижесінде түзілген рейтинг бойынша, ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздер көшін "123456" бастап тұр. Бұл құпиясөз төртінші жыл қатарынан көш басында келеді.

Екінші орынға "password" (құпиясөз) сөзі орналасса, үштікке "12345678" енген.

Сондай-ақ осы жылы интернет қолданушылары "Жұлдыздар шайқасы" киноэпопеясына қатысты құпиясөздерді көп қолданған.

- "Жұлдыздар шайқасының" жаңа эпизодтары мен қаһармандары көрермендер есінде көп сақталғандай. Себебі "starwars" секілді фильмге қатысты құиясөздер көп. Мұндай құпиясөздер қойған интернет қолданушыларының аккаунтын бұзу хакерлерге оңай, - дейді SplashData компаниясының жетекшісі Морган Слейн.

2017 жылдың ең танымал 25 құпиясөзі:

1) 123456
2) password
3) 12345678
4) qwerty
5) 12345
6) 123456789
7) letmein
8) 1234567
9) football
10) iloveyou
11) admin
12) welcome
13) monkey
14) login
15) abc123
16) starwars
17) 123123
18) dragon
19) passw0rd
20) master
21) hello
22) freedom
23) whatever
24) qazwsx
25) trustno1

Айта кетейік, 2016 жылы "123456" құпиясөзін интернет қолданушыларының 17 % пайдаланған.

О. Сансызбай