5 жылдан кейінгі үлкен 3 өзгеріс

5 жылдан кейінгі үлкен 3 өзгеріс
Фото: stackmagazines.com

Ақпарттық кеңістік адам баласының ойлануынан бұрын дамып жатыр. Сол ақпаратты жасаушы және құрастырушы адам болған күннің өзінде, оның дамуы мен өсуі, жаппай халыққа таралуы өте жылдам түрде жүзеге асып жатыр. Сонымен алдағы 5 жылдан кейін қандай өзгерістер болуы мүмкін? 

Теледидардың уақыты өтіп барады 

Отбасының көзайымы болған теледидардың да дәурені өтіп барады. «Сериалым өтіп кетті», «фтубол көре алмай қалдым», «жаңалықтардан қалып қойдым» дейтін ата-аналарымыздың, жалпы халықтың алаңдауы азаяды. Себебі оның орнына YouTube әлеуметтік каналы келеді. Қазірдің өзінде тікелей эфир арқылы жұмыс жасап отырған каналдың көрермені көп. 

Барлық отбасында интернет, компьютер, ноутбук, ұялы телефон бар. Ал бұл қажеттіліктері барлық мүмкіндікті жасап бере алады. Өтіп кеткен, қалыс қалған фильмдеріңізді, сериалды, жаңалықты кейін қайталап көруге және жолда келе жатып тікелей эфир арқылы тамашалауға мүмкіндік аласыз. 
Алдағы 5 жылдан кейін қолға пульт ұстап, теледидардың алдында тапжылмай отырып жаңалық қараудың қажеті жоқ. Қай жерде отырсыз әлде жұмыс жасап жатсыз сол жерден тікелей ақпарат ала аласыз. 


WhatsApp орнын басатын бағдарлама бар 

Бұрын адамдар бір-бірімен тілдесу үшін хабарды ат үстіндегі хабаршыға айтып жіберетін болған. Бұл 1-2 айға созылып, жауап 3-4 ай ішінде келетін болса, уақыт өте келе пошта арқылы хат жазып, 2-3 апта ішінде алуға мүмкіндік туды. 

Ал қазір ше? 

Арасы бірер секундтардың ішінде хат жіберіп, жауап ала аласыз. Бұл технологияның дамуы. Мұнымен тоқтап қалған жоқ. Whatsapp әлеуметтік чаты пайда болғалы адамдар бара-бара телефонмен сөйлескеннен гөрі, жазу стиліне ауысып кетті. Жақында «Telegramm» әлеуметтік чаты пайда болды. Халық арасында әлі де ерекше сұранысқа ие болмағанымен, алдағы 5 жылда оның бәсі басым болады. Себебі «Telegramm» арқылы тек чат алмаспайсыз, ақпараттарды да оқи аласыз. Құрылымы қарапайым, көп функционалды әлеуметтік чаттың жаппай сұранысқа ие болар күні жақын. Қазірден бастап «Telegramm» желісін жүктеп алыңыз. 


Газет-журнал оқитын аудитория қалды ма? 

Газет пен журналдың да заманы өтті. Барлық БАҚ өкілдері сайт пен facebook желісі арқылы ақпаратты дер кезінде алуға ауысты. Газет пен журналға шығатын ақпараттар кем дегенде екі күнге кешігіп шығады. Ал ақпарат жасаушы әлеуметтік желі мың ақпаратты бір күнде беруге асығады. Адам миы да оларды тез қабылдап, керегін қалдыруға тырысады. 

Қазір газет-журнал оқитын санаулы ғана аудитория қалды демесеңіз, ХХІ ғасырға бейім жастар мен алдыңғы бейім буынның қалауы – әлеуметтік желі. Ендеше сұранысқа не ие, сол көш бастайды. Көш соңында қалғандары жоқ болып кете береді. Олардың тек еске аламыз. 

Болашақтың жауапкершілігі зор. Дайын болыңыз! 

М. Ақан