Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / "Яндекстің" негізін салушы азамат Атырауда туған

"Яндекстің" негізін салушы азамат Атырауда туған

Аркадий Волож 1964 жылы 11 ақпанда бұрынғы Гурьев қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі. 1986 жылы Мәскеу қаласында И.М. Губкин атындағы мұнай және газ институтын бітірген.

Әкесі Юрий Абрамович – Волож Каспий маңы мұнай кен орындары және Қашаған кен орнын ашқандардың бірі. 1968 жылы Алматыда "Казгеофизтрест" партиясының бастығы болған. Сонымен қатар, Кеңес Одағының білікті геологы. Анасы Софья Львовна Волож Атырау қаласында музыкалық училищеде сабақ берген.

Аркадий Волож 1989 жылы Comptek компаниясының негізін салған. Одан әрі, 2000 жылы Аркадий Борковскиймен қосылып "Аркадий" фирмасын ашқан. Ал, 1997 жылы "Яндекс" компаниясын құруға алғашқы қадам жасап, сыйымдылығы 1 Гб қатқыл дисктері бар 3 сервер сатып алады. Нәтижесінде, қазір аталмыш сайт әлемдегі ең танымал сайттардың қатарында.

Дүние жүзіне танымал адамдардың қатарына қосылған Аркадийдің жеке капиталы $1100 миллион. "Forbes" журналының 2017 жылғы рейтингі бойынша осы нәтижесімен Ресейдің 200 ауқатты бизнесмендерінің арасында 85-орында тұр. 

Дайындаған: Аслан Қажиев

1
Рейтинг: +4

Дайындаған: Massaget
Фото: google.ru
Қосылған күні: 08 қараша 2017, 12:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.