Қыстық дөңгелектерді қай кезде сатып алған жөн?

Қыстық дөңгелектерді қай кезде сатып алған жөн?
Фото: fisherhonda.com

Кез келген заттың өз уақыты бар. Көлік мәселесіне келген кезде де осылай. Мәселен соның бірі көлік дөңгелектерінің қысқа және жазға арналған түрлері. Сатушылардың қай айда және қандай бағада дөңгелектерді сататыны туралы ақпарат алғыңыз келсе, оқыңыз. 

Қазақстандықтар алғашқы қар түсе салысымен көліктеріне қыстық дөңгелек іздеп сабылады. 

Бірінші кезең. Күздің алғашқы айлары. 

Көлік жөндеушілер мен көлік зерттеушілердің айтуынша қысқы дөңгелектерді тамыз бен қыркүйек айларында сатып алу керек. Неге? 

Қысқы дөңгелектерді қазан айына дейін алып үлгеру керек. Қазанға дейінгі уақытта қысқы дөңгелектердің түр-түрі саудаға шығады. Сатушылар шілде және тамыз айларында сату жұмыстарын бастап кетеді. Сол кездері жеңілдіктер де қарастырылады. 

Екінші кезең. Жаңа жылдан кейін 

Көлігіңізде қыстық дөңгелек бар, бірақ ескірген болса, оны қай кезде ауыстыру керек деген сұрақ мазалауы мүмкін. Жаңа жылдан кейін ауыстырыңыз. Себебі қаңтар айы басталысымен барлық дөңгелек жөндеу орындарында қыстық дөңгелектердің бағасы 20%-ға дейін арзандайды. 

Жаңа жылдық демалыстан кейін саудагерлер бағаны барынша түсіруге тырысады. Осы кезде көлік саймандары мен дөңгелектердің де бағасы төмендейді. 

Дөңгелек бағалары валютаның өсуіне байланысты өзгере ме? 

Дөңгелек бағаларына АҚШ долларының өсуі және түсуі тікелей әсер етеді. Себебі дөңгелектерді біз өндірмейміз, бізге сырттан келетін өнім болғандықтан, валюта тұрақсыздығы оларға да әсер етеді. 

Қыстық дөңгелектерді қай кезде сатып алмау керек? 

Көптеген жүргізушілер қыстық дөңгелектерді көктем және жаз айларында сатып алу керек деп түсінеді. Шындығында сатушылардың жаз айларында қыстық дөңгелектермен жұмысы бола бермейді. Өйткені жазда жаздық дөңгелектердің саудасы жүріп тұрған кезде, қыстық дөңгелектер қоймаларда тұрады. 

Қыстық дөңгелектердің де арзан және сапалы түрлері болмайды. Сатушылардың түсінігінде әр затты сату үшін оны сол уақытқа туралап алып келеді. 

Түйін 
Тамыз-қыркүйек айлары – қыстық дөңгелектерді алуға арналған ең жақсы кезең. 

1. Қалта көтеретін бағалар. Қыстың алдындағы жеңілдіктерді ескеріңіз. 
2. Таңдау көп. Бір ғана немесе «бары осы» дейтін дөңгелекке тап келмейсіз. Түрлі фирмалардың дөңгелектерін таңдай аласыз. 
3. Сабылмайсыз. Кезекте тұрмайсыз, асықпай жүріп таңдап, қарап ала аласыз. 

М. Ақан