Instagram желісінде біріккен тікелей эфир қызметі пайда болды

Instagram желісінде біріккен тікелей эфир қызметі пайда болды
Фото: data.kaktus.media

Instagram – бүгінгі таңда ең беделді әлеуметтік желілердің бірі. Сіз танитын танымал тұлғалардың көпшілігін сол жерден таба аласыз. Бұл желі күннен күнге дамып, жаңа қызметтер іске қосылып жатыр. Күні кеше instagram желісінде  біріккен тікелей эфир қызметі пайда болды. 

Бұл қызметті барлық желі қолданушылары пайдалана алады. Функция басқа пайдаланушының тікелей эфирін кез келген уақытта қосуға, оны алып тастауға және ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірлескен тікелей эфир кезінде әдеттегідей желідегілер пікір қалдырып, "лайк" қоя алады. 

Видео эфирді телефонға сақтап, кейін оны Stories қызметіне бөлісуге болады. Басқа қолданушының тікелей эфирін қосу үшін төменгі оң жақ бұрыштағы жаңа белгішені басып, "Қосу" опциясын таңдаңыз. Эфир қосылғаннан кейін экран екіге  бөлінеді. 

Ж. Жұмағұлов