Назарбаевтың қатысуымен Цифрландыру бойынша республикалық кеңес өтті

Назарбаевтың қатысуымен Цифрландыру бойынша республикалық кеңес өтті
Фото: primeminister.kz

2017 жылғы 13 қыркүйекте «Hilton Astana»-да «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірглесіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен, Цифрландыру мәселесі бойынша Республикалық мәжіліс өткізді.

Іс-шараға 600-ден астам адам қатысты.

Мемлекеттік органдар, отандық компаниялар мен ұйымдар Елбасына 30-дан астам Smart City, Industry 4.0., e-commerce, Transport, Education және т.б. бағыттарындағы АТ-жобаларын ұсынды.

Жобалар таныстырылымын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдардың, үкімет мүшелерінің, депутаттар және шетелдік сарапшылардың қатысуымен мәжіліс өтті.

Елбасы еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңыздылығын атап өтті.

Цифрландыру – бұл нысана емес, бұл біздің ғаламдық бәсекелестігіндегі абсолютті артықшылығымызға жету құралы екенін бәрінің түсінгенін қалаймын. Онсыз өзін сыйлайтын ел жақсы өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса – артта қалып, алда келе жатқан мемлекеттердің шаң-тозаңын жұтып жүреміз. Пайданың күрт өсуіне, өнімділік және капиталдандыруға қолжеткізу – міне мәселе. Цифрлық экономика осыны береді.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» перспективалық бағдарламасы бойынша пікірлерін шетелдік сарапшылар да айтты.

М. Оңғарова