Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG
WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG

Автор: Жолдас Өрісбай

Статус: Фрилансер тілші

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / Әлеуметтік желіде мәртебеге ие болу үшін

Әлеуметтік желіде мәртебеге ие болу үшін

Әлеуметтік желіде мәртебеге ие болу үшін

Әлеуметтік желілер табыс табудың ең оңай жолына айналды. Егер өзіңіздің парақшаңызды дұрыс қолдана алсаңыз жарнама берушілер жақын арада сізбен байланысуы әбден мүмкін.

Әлеуметтік желідегі парақшаңыз мәртебеге ие болу үшін не істеуіңіз керек?

1. Ата-анаңызға көрсетуден ұялатын заттарды  жарияламаңыз.

Егер әлеуметтік желіде құрметке ие болсуды қаласаңыз, тым ашық суреттер мен өзіңіз ұялмасаңыз да ата-анаңыз ұялатын дүниені жарияламағаныңыз абзал.

2. Өз аудиторияңызды қалыптастырыңыз.

Әлеуметтік желідегі контентіңіз  белгілі бір аудиторияға бағытталуы керек. Бірде жастарға арнап, бірде ересектерге арнасаңыз аудиторияңыз тұрақты қалыптаспауы мүмкін. Әлеуметтік желідегі жазбаларыңызды бастамас бұрын «Бұл жазбаларымды кім оқиды? Неге жазамын?» деген сұрақтарға жауап табыңыз.

Біз бірден бәрі болғанын қалаймыз. Бірақ, белгілі бір ортада жұмыс жасап, дәл сол адамдардың игілігі үшін қызмет ету әлдеқайда тиімді әрі өнімді.

3. Өсекке жоламаңыз. 

Иә, иә өсек пен алып-қашпа әңгімелер сізге «лайктар» мен көрілім жинап беруі әбден мүмкін. Бірақ, оның  ғұмыры ұзаққа бармайды. Ол өсектің дәурені аяқталған бойда, сіздің кім екеніңізді адамдар ұмытып кетеді.

4. Әділетті болыңыз

Ғаламтордағы өтірігіңіз тез байқалып қалады. Өйткені, ол жерде сізбен бірге өскен, бірге жүрген адамдар жиі отырады.

5. Шағым айтпаңыз

Ауа-райына, денсаулығыңызға, саяси жүйеге шағым айтудан қашыңыз. Кез келген шағым айналаңызды қоршаған адамдарға жағымсыз энергия сыйлайды. Бос ұрыс-керіспен уақытыңыз қалай өтіп кеткенін аңғармай қаласыз.  

6. Мақтаңыз, алғыс айтыңыз.

Жақсы пікір айту үшін ақшаға сатылып керегі жоқ. Егер орталықтың қызметі ұнаса «ұнады» деп айтыңыз. Әріптесіңіздің көмегі тиді ме алғыс айтып арнайы жазба қалдырыңыз.

Ғаламтор бетін шарлаған жаман жаңалықтар мен жағымсыз пікірлер. Сіз өзіңіздің болмысыңызбен ерекше болыңыз.

7. Сынамаңыз

Мадақ мен алғысты жариялауға болады, бірақ, сынды барша адамның көзінше жариялау дұрыс емес. Сын қай уақытта болмасын жеке айтылуы тиіс. Мәтін түрінде жазылған кез келген сын сіз ойлағаннан да ауыр әсер етеді.

8. Қателіктеріңізді жасырмай, түзетуге тырысыңыз.

Егер желіде қателікке жол берсеңіз, кешірім сұрап, оны түзетіңіз. Өзіңізді ақтап, қарсы шықсаңыз сізді «ақымақ» адам ретінде қабылдай бастайды.

9. Жұмыс пен достарыңызды бөлмеңіз.

Кейбір адамдар достары мен жұмысына қатысты екі түрлі парақша ашып жатады. Осылайша ол өзін екі жақты көрсетеді: достарымен еркін әңгіме айта алса, серіктестері мен әріптестерінің алдында сабырлы, салмақты кейпін сақтағысы келеді. Одан да жеке өміріңіз бен кәсібилігіңізді қатар алып жүріңіз.

Әр нәрсені тиімді пайдалануға болатынын естен шығармаңыз.

789 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: http://selflovers.ru
Қосылған күні: 12 тамыз, 16:58
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...