Уақыт сатып ақша тапқан отбасы

Уақыт сатып ақша тапқан отбасы
Фото: HallPic.ru

Адамзат тарихындағы ең қызық бизнес түрін 1836 жылы Джон және Мария Бельвиль отбасы ойлап тапты. Олардың басты бизнес көзі – уақыт. Бұл қалай болғаны десеңіз, жауабын берейік. Олар күн сайын Гринвич Патшалығының обсерваториясына келіп өздерінің хронометр дәлдігімен уақытты көрсетіп отырған. Ал дәл қазіргі таңда аталған хронометрдің номері мен маркасы да сақталған: «Arnold» № 48/786. Дәл осы маркадағы номер арқылы олар дәлме-дәл уақытты керек адамдарға сатып отырған. Бельвиль жанұясының тұрақты екі жүзге тарта тұтынушылары болған.

Джон 1856 жылы өмірден озған соң, оның жұбайы жұмысты ұзақ жылдары бойы бақылауда ұстап, отбасылық бизнесті жалғастырып отырған. Тек 1892 жылы ғана бұл бизнес қыздары Рут Бельвильдің қолына өтеді. Ал оның қызы бұл бизнесті ХХ ғасырдың ортасына дейін алып келеді.

Бір отбасының бизнесін тоқтатқан 1924 жылғы BBC радиостанциясының ойлап тапқан дәлме-дәл уақыт көрсету және оны халыққа жеткізу мүмкіндігі болды.

2008 жылы Гринвич Ұлттық Музейі Рут Бельвильдің құрметіне кітап та шығарды. Ал оның әлемге әйгілі хронометрі сағаттар Қауымдастығының мұражайына берілді.

М. Ақан