Мұздықтардың еруі емі жоқ вирустарды "оятуы" мүмкін

Мұздықтардың еруі емі жоқ вирустарды "оятуы" мүмкін
Фото: hi-news.ru

Полярлық аймақтарда зерттеу жұмысын жасап жатқан ғалымдар мұздықтардың еруі біз бен сіз ойлағаннан да қауіпті екенін ескертеді. Бұл қорқыныш туралы дабыл қаққан зерттеушілер айтуынша, мың жылдықтарға құрсауланып жатқан мұз қабатында көне кезден бар түрлі вирустар қалуы мүмкін. Мұздың еру қарқыны осылай жалғаса берсе олардың оянары анық дейді. Сондықтан «мәңгі ұйқыдағы мұздықтардың» ерімеуін қадағалау керек. 

Суретте: мимивирус

Жоғарыдағы айтқан сөзіміз нақты болу үшін, 2015 жылы француз ғалымдары Жан-Мишел Клаври мен Шанталь Абергель Сібір мұздығынан тапқан вирусы туралы айтайық. Бұл вирустың өмір сүргеніне отыз мың жылдан асқан. Зертханаға алып келіп зерттеу жасаған ғалымдар аталған вирустың адам ағзасына аса қауіпті екенін анықтаған.

Тоқсаныншы жылдары орыстың солтүстік өңіріне жүргізілген зерттеу нәтижесінде ғана ғасыр бойы тығылып жатқан мимивирустар пайда болғаны жарияланды. Мимивирустардың қарапайым бактерия мен виурстан айырмашылығын ғалымдар былай түсіндіреді: ең жұқпалы әрі ем жоқ дерт ЖИТС-тің вирусы 9 гендік клеткадан тұратын болса, мимивирус 1200 геннен тұрады. Бұл тіпті емі түгілі, ол аурудың қандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты екенін айтады. 

М. Ақан