Әлемдегі ең ірі 7 кеме

Әлемдегі ең ірі 7 кеме
Фото: chto-takoe-lyubov.net

Құрлықтың бетінде ғана емес, су бетінде де рекордтық көрсеткіш орнататын көліктер бар. Олар екі бағытта: жүк тасымалдаушы және жолаушыға арналған кемелер. Сіздерге құрылымдық жағынан жеңімпаз атанып келе жатқан әлемдегі ең алып жеті кемемен таныстырамыз.

Алып кемелер арасында көш бастап «Титаник» тұрар еді, егер су астына кетпегенде... Дегенмен бүгінгі кемелердің ерекшелігі заманауи технологиялармен жабдықталған.

Prelude FLING – адамзат тарихындағы, жер бетіндегі ең ұзын кеме. Ұзындығы – 488 м, ені – 74 м. Су бетіне 2013 жылдан бастап шықты. Ұзындығы жағынан Израилдегі «Плача» қабырғасымен тең.  Кеменің алыптығы сондай, оған бес бірдей алып футбол алаңы немесе 175 жүзу бассейні сияды.

Ол оңтүстік Кореяда өндірілген. Кеме тек тасымалдаушы қызмет атқарады. Жалпы жұмыс істеу ұзақтығы – 25 жыл.

«Петронас мұнаралы» кемесі – мұнай тасымалдаушы алып кеме ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Ұзындығы – 458,45 м, ені – 68,86 м. 1979 жылы су бетіне жіберіліп, 2010 жылы қайта өңдеуден өткен.

Куала-Лумпурдегі «Петронас» мұнарасынан 6 метрге ұзын кеменің беделі өз алдына. Ал ол мұнара 88 қабат. Кеме өзінің алыптығымен кей каналдардан өте алмайды. Жапон жерінде өндірілген. 

CSCL Globe – 2015 жылы теңізге жол алған жүк тасымалдаушы алып кеме. Алғашқы рейсі Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдауымен ерекшеленді. Қытай компаниясына тәуелді бұл кеменің ұзынды – 400 м, ені – 58,6 м.

«Еркіндіктің төрт тағаны»  атауымен белгілі алып кеменің өз ерекшелігі бар. Суретте көрсетіліп тұрғандай оның құрлысы мен құрылымы ерекше үлгіде жасалған. Ұзындығы – 382 м, ені – 124 м.

Құрастырушылардың айтуынша бұл кеменің бетіне кішігірім бір қала сыйып кетеді.  Су бетіне 2013 жылы жіберілді.

«Allure of the Seas» немесе «Бір қала» атауымен әлемге танымал алып кемемен таныс болыңыз. Ұзындығы – 362 м, ені – 60 м. Теңізге 2009 жылы жол тартты.

Әлемдегі ең алып жолаушы тасымалдаушы кемеге 6296 жолаушы мен 2384 экипаж мүшесі сияды. Финляндияда құрастырылған.

«Бір қала» атауын алған кемеден құстың сүтінен басқаның бәрін таба аласыз.

Valemax – алты бағаналы алып кеменің ұзындығы – 362 м, ені – 65 м. Теңізге 2010 жылы жол алды. Теңіз бетінде руда тасымалдауға арналған кеме. Кеме Оңтүтсік Америкаға тәуелді.

«90 самолет» атауымен танылған бұл кеменің ұзындығы – 342 м, ені – 78,4 м. Теңіз бетіне 1961 жылы шыққан.

АҚШ-тың әскери базалық кемесі. Бір өзіне 90 самолет қона алатын кеменің негізгі жұмысы әскери бағытта жабдықталған.

М. Ақан