Бір тәулікте ағзаңыз сергісін десеңіз...

Бір тәулікте ағзаңыз сергісін десеңіз...
Фото: www.migom.by

Дәл қазіргі кезең техниканың, жаңа инновациялардың дамып, шексіз ойлаудың шыңға бет алған ғасыры. Адамдардың шексіз ойлай алуының арқасында дүниеге келіп жатқан түрлі техникаға таңғалмай тұра алмайсыз. Дегенмен бұл техникалар адамға күнделікті қажетті мүлік емес, олардың өмірлерінің бір бөлшегіне айналып кетті. Осының нәтижесінде ағзаның әлсіреуі және түрлі ауру тууына себепші болды. 

Күнделікті пайдаланатын смартфон, көгілдір экран, компьютер секілді озық ойлау жүйесінде жасалған құрылғыларды бір күн болсын пайдаланбаған кезіңіз болды ма?! Болды деген күннің өзінде сирек. 

Егер адам бір күнде қарапайым ұялы телефонын, соның ішінде смартофонды пайдаланбаса оның бойында мынадай өзгерістер пайда болады: 

Таңертең өз қалауымен ерте ояна алмайды. Оның шартты рефлексі болып қабыданып қалған «оятар» іске қосылмаса, адамның сол дыбысқа үйреніп алған ағзасы ешқандай сыр бермеген күйінде жата береді. 

Бір күн смартфонды пайдаланбау «вконтакте», «facebooк», «инстаграм», «уатсап» сынды әлеуметтік желіге кірмейді деген сөз. Бұл адамның бойындағы күйзеліс пен алаңдаушылығын төрт есеге дейін төмендетеді. Күйзеліске түскен сайын жүректің қағысы артып, адам бойында өзін ыңғайсыз сезіну әрекеті орын алады. 

Күнделікті ең аз дегенде он бес минут сайын смартфонға үңілуге дағдыланған адам кенет жиырма төрт сағат бойына тыныштық қалпында қалуы оның психологиясына тікелей әсер етеді. Өйткені адам баласының жан дүниесі механика деп алсақ, сіздің бір үзділікке тұрақталып қалған механикаңыз істен шығады. Ал бұл ағзаның аяқ асты күйзеліске түсуіне алып келеді. 

Бір күні бойы ешбір техниканы пайдаланбай жүру сізге пайдасын да әкеледі. 

Смартфоннан бөлінетін сіз бен бізге көрінбейтін ультра сәулелер мен радиациялық жүйелер азайып, ағзаның бір қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді. 

Сіздің күнделікті шаршап жүруіңіз де осы техниканың кері әсерінен. Бірақ сізге берілген жиырма төрт сағат шаршап-шалдыққан денеңізді бір күнге болсын еркіндікке жіберуге, өзіңді сергек сезінуге әкеледі.

Техниканың жоқтығы сізді далаға серуендеуге шақырады. Төрт қабырғада қамалып отырып, саусақтарыңызбен ғана жұмыс жасап үйреніп қалған сіз үшін бір күн үйде іш пыстырып, ең ақыры таза ауаға алып барады. Ал жаныңызда ешқандай техника болмағаннан кейін жұтқан әрбір оттегіңіз қанық күйде ішке жұтылады. Бұл сіздің жүрек соғысыңызға пайдалы. 

Шамаңыз келсе смартфонды қалтаға салып жүруден қашыңыз. Тіпті ұйықтар кезінде де аталған техникадан аулақ болыңыз. 

Жасанды дүниеге қарағанда табиғи заңдылыққа етіңізді үйретіңіз! 

М. Ақан