Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпания

Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпания
Фото: itnews.com.au

Airlineratings талдау агенттігі әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялардың рейтингін жариялады. Нәтижесінде Австралияның «Qantas» әуекомпаниясы үшінші жыл қатарынан үздіктер көшін бастады.

Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялардың рейтингі ұшырылымның жайлылығы, қауіпсіздігін шараларын ұйымдастыру, ұшақтарды ұдайы жаңарту, қатынайтын әуежайлардың деңгейі, авиациялық аудит ұйымының деректері, қайғылы жағдайлар статистикасы бойынша түзілген.

Талдау агенттігінің жаңа рейтингіне 407 әуекомпания енген. Олардың ішінде ең жоғары 7 ұпайлық көрсеткішті бағалауға 148 әуекомпания ие болған. Қазақстандық «Air Astana» болса рейтингте 5 ұпайлық көрсеткішпен бағаланған.  

Ө. Сансызбай