iPhone таразы қызметін атқара алады (видео)

iPhone таразы қызметін атқара алады (видео)
Фото: www.idownloadblog.com

Apple корпорациясы iPhone 6s және 6s Plus смартфондарын ресми таныстырған кезде көбіне 3D Touch функциясына ден қойған болатын. Жаңа смартфон қолданушысы бармағын экранда біршама уақыт басып тұру арқылы, қосымша функциялар тізімін көре алады. iOS платформасын дамытушылардың бірі мұны өзге қызметте пайдалануды жөн көріпті.

Жаңа Plum-O-Meter қосымшасы смартфон экранына қойылған заттың салмағын өлшеп береді. Қосымша аппарат экранына түскен салмақты пайыздық мөлшермен көрсетеді. Бұл әсіресе екі заттың салмағын салыстырған кезде тиімді. Төмендегі видеодан оның қалай жұмыс істейтінін көруге болады.

Аталған қосымша әзірге App Store онлайн дүкеніне шығарылмады. Бағдарлама құрастырушысының айтуынша, Apple мұндай өнімді жаппай қолданысқа өткізбеуі мүмкін. Себебі ол смартфон экранына зақым келтіреді. Дегенмен Plum-O-Meter қосымшасын тәуелсіз Jailbreak операфиялық жүйесі арқылы жүктеуге болады. Мұндай әрекетке бару арқылы жеке ақпараттарыңыздың қауіпсіздігіне Apple жауап бермейді.

Ж. Өрісбай