Болашақта қолданылатын құрылыс материалдары

Болашақта қолданылатын құрылыс материалдары
Фото: cleantechnica.com

Инновациялық технологияның даму қарқыны уақыт өте жылдам өріс алып келеді. Адам баласы технологияның жан-жақты дамуын бақылауда ұстауға тырысып бағуда. Дамудың бір саласы болашақта адам баласының өмір сүруіне қолайлы экологиялық смарт-үйлерді құруда қолданылатын құрылыс заттарын дайындауды мақсат еткен. Мысалы, бүгінде тәжірибе жүзінде зерттеліп жатқан ауадағы көмірқышқыл газын тартып алу немесе ғимараттың энергиясын үнемдеу мүмкіндігін беретін құрылыс бөлшектерін айтуға болады.

Салқын ауамен қамтамасыз ететін және энергия үнемдейтін кірпіш

3D-принтердің көмегімен басылып шығарылатын Cool Bricks кірпіштері болашақта кеңінен қолданылатын болады. Негізгі ресурсы боксит болатын жаңа құрылыс өнімі суды буландыру арқылы ішкі кеңістікті салқындату мүмкіндігіне ие. Бұл инновациялық кірпіштерді Emerging Objects компаниясы дайындаған. Олардың мақсаты 3D-басылымды құрылыс саласында кеңінен қолданысқа енгізу болып отыр. Құрастырушылардың айтуынша, Cool Bricks кірпішінен үй көтеретін адамдар желдеткіш сатып алмайтын болады.

«Смог»-ты өзіне тартып алатын ғимарат

Ауадағы зиянды массаларды өзіне тартып алатын ғимараттар енді фантастика емес. Мұның технологиясы әлдеқашан ойластырылған. Дегенмен, идея авторларының айтуынша, бұл құрылыс бөлшегін қолданатын болсақ, ғимараттың дизайны нашар қалыпқа енуі мүмкін. Әйткенмен де, суреттегі ғиамараттың дизайнын «нашар» деп айтуға келмейтіндей. Ал ғимараттың сәнін беріп отырған ақ түсті экзоқаңқасы биодинамикалық бетон болып табылады. Ол қоршаған ортаның ауасын тазартуда қызмет ететін болады. Нақтырақ айтар болсақ, ауадағы көмірқышқыл газын инертті тұздарға айналдырып отырады. Жаңа құрылыс өнімі ағымдағы жылы Италияның Милан қаласында өтетін халықаралық «Экспо-2015» көрмесінде көпке таныстырылмақ. 

Ж. Өрісбай