Спам қалай пайда болды?

Спам қалай пайда болды?
Фото: www.sostav.ru

Спам – жарнама сілтемесі. Ол ғаламтордан әлдеқайда көп уақыт пайда болған. Алғаш рет «SPAM» сөзі 1936 жылы «Hormel Foods Corporation» ет консервантын өндіретін компанияның тауар белгісі ретінде қолданылды. «SPiced hAM» сөзі «шошқаның тұздалған еті» деген мағынаны береді.

Екінші дүниежүзілік соғыста компанияда ет консервантының мол қоры қалған. Оны соғыс жылдарында Америка әскерлері мен оған одақтас мемлекеттердің жауынгерлеріне арнап жасаған екен. Бұл аралықта SPAM айтарлықтай еркін саудада жүріп, ас әзірлеуде ет ретінде көп пайдаланылды. Кейін соғыс аяқталған тұста SPAM консерванты британдықтарды әбден жалықтырып жібереді. Сөйтіп "Hormel Foods Corporation" компаниясының жетекшілері ет консервантынан құтылу үшін оны белсенді түрде жарнамалауға кіріседі. 

«SPAM» сөзі барлық жерде кездесіп, БАҚ арқылы жақсы жарнамаланады. Бұл консерванттың жақсы сатылуына жол ашады. 1986 жылы Usenet конференциясында Дэйв Родес есімді азамат өзі құрған қаржы пирамидасын жарнамалау арқылы жұрттың жүйкесін тоздырады. Сол кезде көрермендер осыдан бірнеше жыл бұрын жарнамаланған «SPAM» консервантын естеріне алып, оны «спам» деп атап кетеді. Осылайша, «спам» сөзі компьютер әлемінде керексіз жарнама сілтемесі ретінде қалыптасқан. 

Н. Нұрмаханұлы