Sony бір жылда 20 миллион PlayStation 4 ойын консолын сата алған

Sony бір жылда 20 миллион PlayStation 4 ойын консолын сата алған

Жапондық компания өзінің әлемдік нарықтағы жетекші өнімі болатын PlayStation 4 ойын консолдарынан түскен табысты жариялады. Аталған өнімнің жалпы нарықтағы сатылым саны 20 миллион данаға жеткен. Сарапшы мамандардың айтуы бойынша, бұл сатылымға шыққанына бір жыл ғана болған өнім үшін жоғары жетістік.

Нақты есепке тоқтала кетсек, 2015 жылдың 1 наурызына дейін әлемдік нарықта барлығы 20,2 миллион Sony PlayStation 4 консолы сатылған. Бұл Қытай нарығын қоспай есептегендегі нәтиже болып отыр. Себебі жапондардың жетекші өнімі әзірге Қытай нарығына шығып үлгермеген. Қазіргі кезде Sony компаниясы Қытай үкіметі мен жергілікті техно гаджеттерді сатумен айналысатын маркетингтік компаниялармен келіссөз жүргізуде. Айта кетсек, ойын консолдарын Қытай нарығында сатуға өткен жылы ғана рұқсат етілген болатын. Сондықтан әлемнің жетекші өндірістік компаниялары ортақ келіссөзді барынша сәтті өткізуге тырысатыны белгілі.

Қытай нарығына ойын консолдарын алғаш болып ұсынған Microsoft компаниясы болатын. Бірақ әлемнің ең үлкен нарығында америкалық компанияның Xbox One консолдарының сатылым деңгейі өте төмен. Айта кетсек, жарты жылда небәрі 200 мың консол сатылған.

Sony бұл нарыққа енді кіргелі жатқандықтан, Microsoft тәжірибесін қайталамауға тырысатын болады. Жапондар әзірден ойынның қытай диалектіне аудармасын сапалы ету үстінде жұмыс жасап келеді.

Айта кетсек, жыл басында жаңадан компания басшысы атанған Кадзуо Хираи осы PlayStation өндірісіне аса мән беретінін айтқан болатын. Ол компанияның негізгі табысы осы саладан түсетінін де жасырмады. Ендеше Sony компаниясының әлемдік нарықтағы жетістімен құттықтап, осындай нәтижеге Қытай нарығында да жетулеріне тілектес боламыз. 

Сурет: ps4nsk.ru

Оқи отырыңыз: 

Италиялық студент қолшатыр көлеміндей велосипед ойлап тапты (Видео)

MWC 2015. Blackberry физикалық батырмасы жоқ алғашқы смартфонын таныстырды

MWC 2015. Samsung Galaxy S6 смартфоны дөңес дисплейге ие болды

MWC 2015. Sony судан қорғалған жаңа смартфонын таныстырды

Ж. Өрісбай