Ғалымдар 3D-принтермен әскер басып шығаруды ұсынады

Ғалымдар 3D-принтермен әскер басып шығаруды ұсынады

Ғалымдар АҚШ әскерлерінің қызмет барысында зақымданған дене бөлшегін ауыстыру мүмкіндігін жарату үшін олардың виртуалды көшірмелерін жасауды ұсынып отыр. Аталған көшірмелер болашақта 3D-басылымның көмегімен басып шығаруда қолданылмақ. Нақтырақ айтар болсақ, ғалымдар әскери борышын өтеп жатқан азаматтың денесін толық сканерлеу арқылы кейіннен оның көшірмесін жасау мүмкіндігін жаратуды ойлап отыр. Осындай ұсыныспен Невада Университетінің зерттеуші ғалымы Джеймс Мах АҚШ-тың Сан-Хосе қаласында өткен конференцияда сөз сөйледі.

«Соғыс кезінде әскерлер жарақат алып, дене мүшелерінен айырылып жатады. Оларды қайта қалпына келтіру мүмкін емес болатын. Ендеше әскердің 3D-көшірмесі хирургтердің жұмысын жеңілдететін болады. Бұл технология соғыс ардагерлері мен Отан алдындағы борышын өтеу кезінде ауыр жарақат алған әскерлерге көмек болады», — дейді ғалым.

International Business Times ресурсының хабарлауынша, қазіргі кезде әлемнің 200-ден астам ғылыми және медициналық орталығы адамның анатомиясын зерттеу мақсатында виртуалды ота жасау бағдарламаларын пайдаланады. Адамның дәл үш өлшемді бейнесі ультрадыбысты сканерлеу, рентген және магнитті-резонансты томографияның көмегімен жүзеге асырылмақ. Бұл адамның ішікі құрылысының ең кішкене бөлшектеріне дейін көрсете алады.

Аталған технология жаңа сүйектің өсуін қамтамасыз ететін имплантанттарды жасау саласында қолданылуы мүмкін. Ескере кететін жәйт, соңғы жылдары 3D-принтерден шығатын материалдар қолдану арқылы хирургиялық ота жасау көптеп қолданыла бастады.

АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі бұл ұсынысқа қатысты еш ақпарат таратпады. Осыған дейін әскерлердің шайқас кезінде алған жарақатын уақытша залалсыздандыратын (қанды тоқтатын) дәрі жасауға қаржы бөлгенін ескерсек, бұл ұсынысты да қабылдауы мүмкін.

Сурет: www.anatomage.com

Оқи отырыңыз: 

АҚШ-та кілтті 3D-принтермен шығару әдетке айналды

Қытайда 3D-принтермен 5 қабатты үй салынды

Телепорт технологиясының алғашқы құрылғысы жасалды

Қытайлар үйді 3D-принтер арқылы сала бастады

Ж. Өрісбай