CMS деген не?

CMS деген не?

CMS сөзінің ағылшынша толық жазылуы - Content Management System. Оның мағынасы "сайттың мазмұнын, контентін басқару жүйесі" дегенді білдіреді.

Қазір көптеген сайт осындай жүйелер арқылы құрылып отыр. Мұндай жүйенің артықшылығы - сайт жасауға кететін уақыт пен қаражатты үнемдейді. Осы күш-қуатыңызды сайттың контентін толтыруға жұмсауға мүмкіндік аласыз.

Қазір қазақ елінде кең қолданылып жүрген сайт басқару жүйелері жайлы айта кетейік.

WordPress

Бұл сайт басқару жүйесі Қазақстанда өте танымал. Екі сайттың бірі осы жүйе арқылы оп-оңай өздері көздеген келбетті қойып, сайтын бастап кетеді.

Басқаруға оңай, мыңдаған қосымша мен сыртқы келбеттер қоры бар. Қазақша нұсқасы жасалған.

Joomla

Көркем әрі қолдануға ыңғайлы сайт басқару жүйесі. Қазақстанда бұл жүйемен де жұмыс жасайтын сайттар көп.

Бұлардан өзге Drupal, Yii сынды танымал сайт басқару жүйелері де Қазақ елі үшін қызмет етіп жатыр.

Сурет: vk.com

M. Auelkhan