Динамикалық дисплей жасалды

Динамикалық дисплей жасалды

Бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын Ideum компаниясы болашақта кеңсе компьютерінің дисплейі қандай болатыны жайлы біраз бас қатырған екен. Нәтижеде толық жұмыс үстелін қамтитын мультисенсорлы алып десктоп құрастырып шығарыпты. Онда сіз монитордың кез келген жеріне қол тигізу арқылы белгілі бір операцияларды орындай беретін боласыз.

Компанияның бас директорының айтуынша, ол барлық компьютерге сай келе беретін болады.

Динамикалық жұмыс үстелі сізге әр міндетті жылдам атқаруға көмектесетін болады. Мысалы, сіз өз телефоныңызды беткі мониторға қою арқылы, бірнеше фото немесе видео ақпаратарды алып, тікелей қолдана бересіз. Сондай-ақ, өзіңізге қажетті құжатты алып, сол жердің өзінде өңдеу жұмыстарын орындай беретін боласыз.

Бір сөзбен айтқанда, мынадай динамикалық монитормен бір уақытта бірнеше функцияны орындай алатын боласыз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.infuture.ru

Ж. Өрісбай