Неге Туиттер Фейсбукпен бақталаса алмайды?

Неге Туиттер Фейсбукпен бақталаса алмайды?

Расында, Генри Фордтың «Өз бәсекелестеріңе мұқият бол, сонда сенің өніміңе тұтынушылардың қызығушылығы арта түседі» деп айтқаны шындыққа келеді. Дегенмен, мынадай қанатты сөзбен IT-нарығының өкілдері келіспей отыр. Әлеуметтік желіде Twitter мен Facebook бақталасса, онлайн қызметтерде Google мен Amazon бір-бірін басып озсам дейді. Ал шын мәнінде не болып жатыр?

Хабаршы көгершін не деп сыбырлайды?


Соңғы кезде әлеуметтік желі сапасын арттыру үдерісінде екі алып бәсекелес компаниялар бірінің әдісін бірі алып, өз рейтингін жоғарылатуға тырысып жатыр. Мысалы, Mashable есімді туиттер қолданушысы жаңа интерфейстің қосылғанын хабарлайды. Бұрын қолданушынің өз парақшасында кез келген ақпаратты туиттеу көлемі шектеулі болған болса, енді тура Фейсбуктің интерфейсіндей шексіз туит-хабарламаларды жазуға мүмкіндік жасалынған. Құрастырушы бағдарламашылар компьютерден енгізуге болатын суреттер санын да төртке көбейтуге қол жеткізе алған. Ал фейсбукте бұл бұрыннан бар. Төрт емес, бір кезекте бірегей отыз фото енгізуге болады. Енді Туиттер қолданушысының жеке профилі мен оның суреті басты беттің сол жағында орналасады.

Туиттердің өз бәсекелесіне ұқсап бағуы сәйкестік пе әлде бизнестегі бейімділік пе? Мүмкін бұл жүріске туиттердің белсенді қолданушылары болған белгілі кино жұлдыздары, әншілер мен өзге де беделді тұлғалардың фейсбукте де көп отыратындығы ықпал еткен болар? Интерфейстің ұқсас болуы қолданушыларға ыңғай келтіріп, олардың санының артуына, ал сосын, жарнама ретінің көбеюіне әкеп соғады. Ал бұл рейтингтің жоғарылауына да түрткі болады. Әрине бұл біздің ғана ойымыз. Олардың тағы да не мақсатпен осындай әрекетке барып жатқандықтарын, әрине, біз білмейміз!  

Марк Цукербергтің «наполеондық» жоспарлары


Facebook компаниясы бізді тағы немен қуанта алады екен? Силикон алқабының IT-жаңалықтарына жүгінер болсақ, Марктің үздік командасы әзірге Reader деп аталатын ақпараттық қосымша жасап жатқан көрінеді. Аталған қосымша қолданушыларға өзінің жеке жаңалықтар легін құрастыра алуына мүмкіндік беретін болады. Ол тура БАҚ өкілдерінің RSS ақпараттар легінің аналогы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, барлық қолданушыға қолайлы болу үшін смартфондар мен планшеттерге арналған нұсқалары да қарастырылмақ.

Facebook пен Twitter компанияларының қосалқы қосымшаларын жасауға қатысқан Джош Элмен есімді бағдарламашы: «Жарнамашылардың көзқарасы бойынша ақпараттық лекті оқумен көп уақытын өткізетін қолданушыларға бұл таптырмас қосымша болмақ», - дейді.

Reader жобасын жасауға Цукербергтің өзі кіріскенін ескерер болсақ, бұл жобаның маңыздылығы орасан зор екенін байқаймыз. Reader қазір қолданыста жүрген фейсбукке қатысы бар, бірақ бөлек қосымша Messenger секілді болады деп жоспралануда.

Осыдан біршама уақыт бұрын Цукербергтің компаниясы өте қауіпті жолға қадам басқаны туралы Bloomberg тілшілері хабарлаған болатын. Олар әлеуметтік желіні іздеу платформасына айналдырғысы келген. Оның несі қауіпті дейсіз бе? Марк Ларри мен Сергейді (Google басшылары) өзіне жау етіп алуы әбден мүмкін еді. Марктің жобасы қолданушыларға фейсбуктен шықпай отырып-ақ, қажет ақпаратын сол жақ беттен шығу керек болған ғаламтордың іздеу қызметі арқылы ала беретін құрылым болған.

Фейсбуктің бұрынғы жоба бағдарламашысы болған Ларс Расмуссен есімді кісі қазіргі кезде Google корпорациясына қызмет етіп жатқандығы Марктің көңіл күйін түсіргені анық. Себебі барлық жоспарлардан хабардар бодған сенімді қызметкер өз бәсекелісіне қалай жұмыс істейтінін алып бизнес өкілдері жақсы біледі. 2010 жылы Ларс Google Maps және Google Wave қосымшаларын жасап шығарды. Енді ақпараттық лекті беретін қызметті кім бірінші жасайтынын алдағы уақытта білетін боламыз.

Екі ғаламтор алыптары онлайн тәртіпте бір-біріне ашық соғыс жариялаған көрінеді. Бірі  Instagram мен Whatsapp қызметтерін дамутыды басты мақсат етсе, екіншісі Priuses және Google Glass секілді смарт технологияны шығарумен белсенді түрде айналысып келеді.

Алдында Forbes басылымы Google мен Facebook компанияларының Skype ресурсын сатып алуға құлшыныс білдіріп жатқандығы туралы хабарлаған болатын. Дегенмен, ол соңында Microsoft иелігіне өтеді. Енді Фейсбук Google-ға төтеп беру үшін Bing компаниясымен жұмыла жұмыс жасап жатыр. Себебі ғаламтордағы іздеу қызметінің 90 пайызын Google иемденіп жүрген болса, қалған пайызы әзірге сол Bing иелігінде.

Google империясы жаңа өрістерді бағындырады

Енді ғаламдық іздеу платформасына тереңірек үңілсек. Google ендігі кезекте қоғамдағы байланыс қызметімен айналысуды ұйғарып отыр. MacDigger ресурсының жариялаған ақпаратына сенсек, Google АҚШ-тың бірнеше штатында байланыс және Wi-Fi қызметтерін ұсынатын сим карталарды сатуға шығарыпты.  Онымен компания өзінің жеке аймақтық мәртебесін көтеру мақсатында жасап отырған жоқ. Керісінше бұл Google-дің Verizon және AT&T секілді американдық провайдерлердің байланыс қызметтерімен біріге жасалып жатқан жобасы екен.

Google-дің әлемдік ғаламторды толық бағындыруды көздегенінің тағы бір айғағы оның Amazon қызметін меншіктеп алғысы келгендігінде еді. Amazon өзінің тұтынушылардың ғаламторда онлайн сатып алу қызметін көрсететін жалғыз ресурс болғанын қалайды.  Ал онлайн сауда қызметі бар жерде іздеу қызметінің әлсіреуін ескерген Google екінші орындағы қызмет түрі болып қалудың алдын алу жолдарын іздестіруде. Осыдан келіп шығып, біз алыптардың бірдей идеямен соқтығысып жатқанын көреміз.

Amazon Apple табысының өзіне ортақ болғанын қалайды

Amazon компаниясының жаңа смартфон шығарғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Расында, интернет саудасынан жалыққан компания енді Стив Джобстың бастаған бизнесіне ортақ болғысы келеді.  Осы сәтте бір сұрақ туындайды. Неге Силикон алқабының миллиардерлері өзіне жат болған бизнес алаңына еніп кете береді?

Бизнес құрылымды ауыстырған кез-келген компанияға басында оңайға түспейтіні анық. Оның алғашқы өнімдері сапалы болмай, сынға ұшырауы әбден мүмкін. Солай тұтынушылардың сенімінен шығып қалуы да мүмкін. Amazon осындай тәуекелге барып отыр.

IT-технология нарығында әрбір инвестордың қандай жоспарлары болмасын, оның үлкен не кішісіне қарамай, көптеген салым мен тәуекелді қажет ететінін түсінгендей болдық. Демек, «Сұраныс ұсыныстан кейін пайда болады» деген ұранның өте оң айтылғанына күә болып отырмыз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.hardnsoft.ru

Ж. Өрісбай