Қызықты қосымшалар: VKRemote - ВКонтактеге арналған пульт (Android үшін)

Қызықты қосымшалар: VKRemote - ВКонтактеге арналған пульт (Android үшін)

Өткен аптада біз сіздерге Android және iOS операциондық жүйелерінде құрастырылған гаджеттерге арналған қызықты қосымшаларды таныстыру сериясының басталғандығын хабарлаған болатынбыз. Сонымен бүгінгі қосымшаның аты – VKRemote. Басқаша айтқанда, ВКонтакте әлеуметтік желісін қашықтан басқаруға арналған пульт. Оның көмегімен сіз өзіңіздің жеке компьютеріңіздің мониторында ашылған ВКонтактедегі парақшаңызда орналасқан аудиожазбаларыңызды ойнатып, я болмаса келесі трекке өтіп және де сол сияқты барлық амалдарды қашықта отырып басқара аласыз. Ол үшін сізге бар болғаны Android базасы орнатылған девайс болса жеткілікті.

Бұл қосымшаны жүктеп алғаннан кейін сіз пәтеріңіздің кез-келген жерінде отырып-ақ музыкаңызды оп-оңай басқару мүмкіндігіне ие боласыз. Енді сізге әуенді ойнатуға, ауыстыруға немесе оның дауысын қаттырақ я болмаса бәсең қою үшін әркез компьютеріңізге бара берудің қажет жоқ. Бұдан былай оның орнын смартфоныңызға (немесе планшетіңізге) орнатылған VKRemote пульті алмастырады.

Айта кетейік, бұл қосымша аталған әлеуметтік желідегі тректерді ғана басқара алады.

VKRemote бір уақытта бірнеше компьютермен жұмыс жасауға мүмкіндік сыйлайды. Сізге екі терезе ұсынылады. Біріншісінде аудиожазбалардың тізімі болса, екіншісінде плеердің өзі көрсетілген.

12

Пульттің интерфейсіне келер болсақ, ол өте ыңғайлы әрі ондағы түстер де тартымды. Жазбалары мен ондағы қызмет түрлері де анық көрсетілген. Егер сіз бұл қосымшаны алғаш рет ашып тұрсаңыз да, оны түсіну жағынан еш проблема болмайтынына сеніңіз. Аталған қосымшаны құрастырушылар жақын болашақта қосымшаның аудио-нұсқасын кеңейтіп, одан бөлек видео-нұсқасын да іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа қызмет түрлері де пульт түрінде болып, компьютерге команда беру принципінде жасалатын болады.  

Егер сізге біз айтқан VKRemote (ВКонтактедегі аудиожазбаларды қашықтан басқару пульті) қосымшасы ұнаған болса, оны келесі мекен-жайдан жүктеп алуыңызға болады:

1

Тағы да ескерте кетейік, аталған қосымша түрі тек Android-гаджеттерге арналған.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: play.google.com

Б. Қосмағамбет