Сальто жасаған көлік

Сальто жасаған көлік

Ралли-Рейдтен әлем чемпионы француздық Герлен Шишери автокөлікпен сальто жасаған тұңғыш адам болды!

Фрирайдтан (еркін жүрісте) әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі көлік жарысының жүргізушісі Герлен Шишери автокөлікпен ең қиын трюкті орындады. Аталған трюк «бэкфлип» деп аталады, яғни кері сальто жасау. Ол биікке қарғудан кейін жерге оңтайлы қонуға қабілетті жетілдірілген подвескасы бар MINI Countryman автокөлігінің көмегіне жүгінді. «Бұл нағыз ессіздік. Мен трамплиннен 60км/сағ. жылдамдықпен өтіп, дұрыс айналу үшін педальді соңына дейін басуым керек болатын. Және жерге қонып қойғанымды ұғыну үшін 20 секундтай уақыт қажет болды», - дейді Шишери.

Алайда, бір сәтті әрекет экстремал Шишериге таңертең аз болып көрінгендіктен, ол кешкісін Tignes шипажайында көлікпен сальто жасауды тағы бір рет мыңдаған көрермен алдында орындайды.

MINI Countryman көлігінде Герлен Шишеридің орындаған трюгінің коллажы.

Жүргізуші старт алдында ойын жинақтауда.

Жетілдірілген подвеска. Онсыз MINI Countryman жерге қонғанда шашылып қалар еді.

Трамплинге бағыт алуда.

Герлен Шишери мен оның автокөлігі ауада

Тіпті төрт жылдық дайындықтан соң да бұл маған мүмкін емес болып көрінді. Мен өзімнің MINI Countryman-ды ауаға қалықтатып, тамаша сальто жасап, төрт дөңгелекпен 8 метрлік қар үйіндісіне түстім. Мен  секіру алдында көлік ішінде жалғыз өзім болдым және не істеу керектігін білдім. Барлығы дайын еді, дегенмен  бұл барып тұрған ессіздік болатын», - дейді Герлен сәтті секіруден соң.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com, autocentre.ua

Ж. FM