Жаз ыстығы: көлік жүргізуде көңіл бөлетін істер

Жаз ыстығы: көлік жүргізуде көңіл бөлетін істер

Көктем келісімен күн жылып, жаз айында ыстық ауа райы мен жаңбырлы күн, найзағайлы нөсерлер басталады. Көлігіңіз бар ма? Әлде, енді көлік алуды ойлап жүрсіз бе? Онда мына кеңестерге назар аударыңыз.

Жаз күндері қала жолдарындағы 40% жол апаты, үлкен күре жолдардағы 13% жол апаты сол күнгі ауа температурасымен тікелей қатысты болады. Өйткені, ыстық ауа жүргізушілерді шаршатып, ұйқысын келтіреді. Ыстық 23 градустан асқанда жүргізушінің шұғыл жағдайға талдау жасауы 0,3 секундқа ақырындайды екен. Ыстық ауарайындағы жол апатының салыстырмасы суық ауарайлы күнге қарағанда 50%-80% жоғары.

Жаз күндерінде көлік жүргізушілері терлеп, тұз құрамы азайып қан қысымы төмендейтін, денесі мұздап маужырайтын бейнелер байқалады. Бұл кезде сусындыққа аздаған тұз қосып ішу орынды. Көлік жүргізу уақыты 4-5 сағаттан асса көлікті тоқтатып, жол шетіне түсіп, әрекет жасап, 10 минут аялдау керек. Көлікті жол шетіне тоқтатқанда суытқышты тоқтатпау керек, өйткені, көлік ішіндегі ауа алмасу себебінен матордағы газ көлік ішіне кіреді де, ұзақ уақыт есік-терезесі ашылмаса жүргізуші мен жолаушылар уланып қалуы да мүмкін.

Найзағай жарқылдап нөсерлі күндері көліктегі электронды жабдықтарды сөндіріп қою керек. Телефон қабылдағанда көлік төбесіндегі радио сигнал қыбылдағышын түсіріп қою да маңызды. Жаңбырлы күндері көлікті ағаш астына қоймау керек.

 

Дайындаған: Мейіржан Әулеханұлы

Сурет: travelsupermarket.com 

M. Auelkhan