Көздері бар Mercedes

Көздері бар Mercedes

Жақын арада Mercedes-Benz маркасының қымбат үлгілері жолаушыларды алыстан «көріп тану» қондырғылармен жабдықталмақ. Бұл жүйе неміс ғалымдарының және Мадрид университетінің профессоры Давид Фернандес Лорканың бірлесе отырып ойлап тапқан жобасы.

Қондырғы екі камера мен дәл осы сәтте келіп түсетін ақпаратты өңдейтін есептеуіш модульден тұрады. «Біздің жүйедегі камералар көзге көрінетін спектр диапазонында жұмыс істегендіктен, жолаушыларды түнгі уақытта да анықтай алады»- дейді Лорка. Екі камера бір-бірінен 30 см. қашықтықта орналасып, алдыңғы терезенің төменгі жағына бекітіледі. Бұндай әдіс стереоскопиялық бейнені алуға көмектесіп, компьютердің көмегімен жолаушыға дейінгі арақашықтықты дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Қондырғы жылдам әрекет етеді. Жолаушы жолға кенет шығып қалғанның өзінде де қондырғы осы жағдайға талдау жасап, небары 0,2 с уақыт ішінде шешім қабылдайды. Келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жүйе компьютер дисплейі мен дыбыстық сигналдың көмегімен жүргізушінің назарын аударып, жол апатынын болмауын қадағалайды. Керек болса, жүйе дөңгелектерді өзі тежейді.

Сурет jiks.ua сайтынан

Форумда талқылау


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар