"Ақылды" тежегіш

"Ақылды" тежегіш

Күллі әлемге озық технологияларымен белгілі жапондық автоконструкторлар өз көліктеріне кезекті "ақылды" технологияны енгізгелі жатыр. Жаңа  СХ-5  үлгісі - Mazda компаниясының мақтанышы. Бұл темір тұлпар қозғалтқыштың өнімділігін арттыратын Skyactiv пен төменгі жылдамдықта келе жатып, жолдағы бөгеуілдермен соқтығысып қалмауды қадағалайтын Smart City Brake Support (SCBS) технологияларымен жабдықталмақ.

 Бұл технологияның негізінде көліктің алдыңғы терезесінен  сәл жоғары орналасқан лазерлі сенсорлардың қолданылуы жатыр. Бұл сенсорлардың көмегімен көлік төменгі жылдамдықта (3-40) келе жатқанда, алдында не болып жатқанын қадағалап, керек болса, бөгеуілдермен соқтығысуға жол бермейді. Бұл сенсор мүмкін болатын бөгеуілді көргенде, жүйе тежегішті іске қосып, қозғалтқыштың айналу санын төмендетеді. Осылайша,  жүргізуші тежегішке басқан кезде, көліктің тоқтатылуы өте тез іске асырылады.

SCBS технологиясы әлемде шығарылып жатқан  барлық Mazda CX-5-ге орнатылмақ. Ал жапондық үлгілерге бұған қоса,  автоматты трансмисияны үдету жүйесі қосылмақ. Оның көмегімен жүйе бөгеуілдердің бар екенін жүргізушіге дыбыстық және жарық құрылғыларының көмегімен хабарлайды. Егер жүргізуші бөгеуілге қарай жүре берсе, жүйе дыбыстық сигналдарды іске қосып, жүргізушінің назарын өзіне аударады.

Сурет 3dnews.ru сайтынан

Форумда талқылау