Детройт көлік жәрмеңкесінде Nissan жаңа көлігін жариялайтын болады

Детройт көлік жәрмеңкесінде Nissan жаңа көлігін жариялайтын болады

Таяу уақытта жоспарланып отырған Детройт автокөлік жәрмеңкесінде Nissan көлік компаниясы Resonance көлігін жариялайтын болады. Қазірше бұл жаңа көліктің жоба суреттері жарияланып үлгерді. Компания өкілінің айтуынша, «бұл болашақтағы Rouge көлігінің алғашқы нұсқасы болмақ. Rouge көлігі осыған негізделетін болады».

Бұл көлік Nissan компаниясының болашақтағы даму бағдарын айқындайтын болуы мүмкн. Жоба суретке негізделгенде өзгеше сұлулық пен жаңалық байқалады.

Nissan компаниясының ұзақ жылдық зерттеу, тәжрибе жасау, көлік базарының бәсекесін бақылау барысында қол жеткізген Resonance көлігі алда тұтынушылардың негізгі талғамы болуы әбден мүмкін. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: caradvice.com

Қ. Қауымбек