Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Africa Eco Race-2013 – Хроника

Africa Eco Race-2013 – Хроника

Africa Eco Race-2013 – Хроника

Africa Eco Race-2013 ралли-марафоны 27 желтоқсанда басталған еді. Қатысушылар 5796 шақырым болатын Марокко, Мавритания және Сенегал даласын жүріп өтеді.

1-кезең: Басы қатты – аяғы тәтті...

Africa Eco Race-2013 Қазақстан үшін ауыр басталды. Себебі "Астана" автокомандасының ралли-марафонында 3-ші команда техникалық себептерге байланысты жарыс жолына шыға алмай қалды. Бірінші команда – Қанат Шагиров пен Александр Мороз MEBAR М440 автокөлігімен жарыс жолына шыққан болатын. Ал артынша екінші команда – Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов BOWLER көлігімен бәйгеге қосылды.

Бәйге ережесі бойынша, техникалық себептерді Марат Абықаев пен Жанат Жалымбетов 3 күннің ішінде ретке келтіруі керек. Бұдан кейін олар жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.

2-кезең: «Астана» бірінші орын алды

Қазақстандық «Астана» командасының экипажы Africa Eco Race-2013 екінші кезеңінің ралли-рейдінде бірінші болып келді.

T2 категориясында Қанат Шагиров пен Александр Мороздың экипажы MEBAR М440 жарыс көлігімен Мароккодағы Буднибадан Тагунитаға дейін (432 шақырым) 6 сағат 52 және 46 секунда жетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал T1 категориясында «Астана» автокомандасының екінші экипажы (Юрий Сазанов пен Арслан Сахимов) BOWLER жарыс көлігімен жалпы санақта 17-ші болып мәреге жетті.

3-кезең: Екінші жұп айып уақытынсыз келеді...

«Астана» командасының екінші экипажы уақыт айыптарынсыз жарысты жалғастырып жатыр. Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов 3-кезеңді 35-ші орында аяқтады.

Т1 категориясындағы BOWLER автокөлігі техникалық ақаулар шықса да, мәреге тоқтамай жетті. Осыған байланысты, олар ешқандай да айып уақытынсыз жарысты жалғастырады. MEBAR М440 автокөлігімен Қанат Шагиров пен Александр Мороз Т2 категориясы бойынша 25 орында келді.

Ал үшінші кезеңнің жеңімпазы Жан-Луи Шлессер мен Сирил Эскироля басқаратын француз экипажы.

4-кезең: 15 орын басты – жетістік

Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша, «Астана» командасы 15 орынға тұрақтады. Бұл кезеңде төтенше жағдай да орын алды. Португалиялық Oleoban/MAN Portugal жарыс көлігі аударылып қалды. Ресейлік "КАМАЗ-Мастер" жүргізушілері португалдықтарға көмектесіп, жарыс жолына шығарып берді. Жарыс ережесі бойынша, ресейлік қатысушылар көмекке кеткен уақытын қайтарып алды.

Ал жалпы есепте «Астана» командасы 21-орынға тұрақтап, бір орынға ілгеріледі. Көшбасшылықты Жан-Луи Шлессер мен Сирил Эскироля басқаратын француз экипажы сақтап тұр.

5-кезең: MEBAR М440 сенімді ақтамады...

«Астана» автокомандасының екінші экипажы (BOWLER) 5-ші кезеңнің жарыс жолына шықты.

Қазақстандықтар Вади Хамрадан Дахлаға дейінгі (689 шақырым) жолды жүріп өтеді. Ал MEBAR М440 автокөлігінде Қанат Шагиров пен Александр Морозов 15-орында жарыс жолына шықты.

Ал бірінші болып, Жан-Луи Шлессер мен Сирил Эскироля бәйгеге бас салды.

Өкініштісі, «Астананың» үшінші экипажы (Марат Абықаев пен Жанат Жалымбетов) көлігін толықтай жөндей алмады. Соңында MEBAR М440 жарыстан шеттетілді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: race-dezert.com

 

1219 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 11:50
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2013, 12:12

Биыл Астана командасынан жеңіс кутпеймін. Ойткені, олар енді ғана мұндай жарыстарға қатысып келеді. АЛдымен тоселіп алсын, 2-3 маусымнан кейін жеңіске де таласатын боламыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...