"Үйде жалғыз болған". Оралда бала 3-қабаттан құлап, аман қалды

"Үйде жалғыз болған". Оралда бала 3-қабаттан құлап, аман қалды
Фото: rusdialog.ru

Оралда бала үшінші қабаттан құлап, аман қалды, - деп хабарлайды Mgorod.kz.

Төтенше жағдай 23 маусымда сағат 12:23-те болды.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі баланың үйде жалғыз болғанын хабарлады. 2018 жылы туған бала Строитель шағынауданындағы тоғыз қабатты №2 үйдің үшінші қабатынан құлап түсті. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Гүлнар Жұмағалиеваның сөзінше, 4 жасар балаға барлық қажетті көмек көрсетілген.

"Оған жабық бас сүйек-ми жарақаты және бастың шайқалуы диагнозы қойылды. Қазір жағдайы орташа деңгейде, барлық медициналық көмек көрсетілді, - деді Гүлнар Жұмағалиева.

М. Жәмішжанов