Өмірге қолайлы қалалар рейтингі шықты

Өмірге қолайлы қалалар рейтингі шықты
Фото: elements.envato.com

Өмірге қолайлы қалалар рейтингі шықты, - деп хабарлайды DW.

Ең қолайлы қалалардың рейтингін жасау үшін тұрақтылық, денсаулық сақтау, мәдениет, қоршаған орта, білім беру және инфрақұрылым сияқты көрсеткіштер есепке алынды.

Жобаны The Economist тобының құрамына кіретін The Economist Intelligence Unit (EIU) өкілдері қолға алды.

Вена (Австрия) өмір сүру үшін ең қолайлы қала болып танылды. Былтыр Австрияның астанасы The Economist Intelligence Unit рейтингісінде 12-орында болған еді. 

М. Жәмішжанов