Ақтауда жанармай таситын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты

Ақтауда жанармай таситын көлік пен жеңіл көлік соқтығысты

Ақтауда жанармай таситын көлік пен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апаты 15 маусымда ХГМЗ зауытының алдында сағат 14.00 шамасында болды,  деп хабарлайды inaktau.kz басылымы.

Полицейлер мәліметінше, Mercedes-Benz E320 жүргізушісі бұрылып жатқанда Zz 1251 жанармай таситынкөлікпен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан тіркеме аударылып қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 - Aktau (@112_aktau)

Жол апатынан екі адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. 

"Көлік тұраққа қойылды. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соққан жолда жүру ережелерiн бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова