Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді

Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді
Фото: © parlam.kz

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы шегерілді, - деп хабарлайды elitar.kz

Бұған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскенін айтқан еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын.

"Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты, басқа күнге ауыстырылды", - деді соттың баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, экс-шенеунік "пара алды" деген күдікке ілініп, тергеу абақтысына қамалған еді. Бақытгүл Хаменовамен бірге мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Акылбек Рысқалиев та қамауда отыр.

Ж. Қадыржанова