Көлік сатып аларда керек қарапайым кеңестер

Көлік сатып аларда керек қарапайым кеңестер

Көлік сатып алар кезде мына бір қарапайым тексеру әдістерін ескере жүріңіз. 

1. Ең алдымен ұзақ жылдық тәжірибесі бар көлік жүргізушілерден қандай көліктердің жақсы екенін білу керек.

2. Қауіпсіздік және бензин жұмсау мөлшерін білу.

3. Сыртқы көрінісіне барынша мән беру.

Сыртқы көрінісіне мән беруге тиісті жерлер:

3,1. Көлік сатып алғанда сөзсіз жарық жерде тексеру керек. Бұлай болғанда көліктің сыртқы жүзінің бүлінген-бүлінбегенін, сыр түсінің өзгергенін, құрылғыларының ауыстырылғанын оңай білуге болады. Көлік сырын күзетуде сырдың тегіс жағылғандығын жақсы тексеру керек. Егер бір жердің сыры басқа жерден қалыңдау болса, онда ол қайта сырланған деген сөз.

3,2. Мотор және басқа құрылғылардың қайта ремонттан өткен-өтпегенін тексеру керек. Бұрамалы шегелерге қаншалықты дәрежеде сызат түскенін тексеру керек. Егер бұл шегелер жаңартылған не сызат түскен болса, онда сол жер қайта жөндеуден өткенін білдіреді.

3,3. Көліктің сыртқы қабы және есіктерінің берік жабылатындығын тексеру керек. Көлік есігін тексеруде кілтті қайта-қайта салып, сынап көру керек. Тежегіш және бензин басқыштың бәрін мұқият тексеру керек. Көлік есігінің салмағы ауыр болып, жеңіл жабылса, онда көліктің сапалы екендігін білдіреді.

3,4. Алды-артқы шырақтардың жарықтығын қайта-қайта тексеріңіз. Көлік құрылғылары тексерілгенде мотор, май жолы, дөңгелектердің құрастырылуына ерекше көңіл бөліңіз.

3,5. Көлікті алыстан байқап көріңіз. Көліктің алды не артының тура орта тұсынан алыстап байқап қарасаңыз, екі жағының тең немесе қисықтау екенін айқын аңғарасыз. Шамалы қисықтау болса, онда ол қалай да жол апатынан бүлініп, қайта құрастырылған. Тағы бірі көлік терезелерінің ауыстырылғанын терезенің астыңғы жағындағы белгілерге қарап анықтауға болады. Көлік артын күзететін екі жақтаудағы айналардың айналу және көрсету деңгейін тексеріңіз.

3,6. Орындық – көліктің ең негізгі құрылғысының бірі. Орындықтың алдыға иілу, шалқаю, алды-артқа сырғу деңгейін әбден қадағалаңыз.

4. Көлік талдауда ғылыми қағидаға жүгініңіз. Мотор қозғалғанда дыбысына құлақ түріңіз. Егер мотор дыбысы жеңіл, біркелкі болса, онда көлік моторының қалыпты жұмыс жасайтынын білесіз.

5. Ең соңында көлік құжаттарын толық тексеріңіз. Бұл ең негізгі мәселенің бірі. Алданып қалудан абай болыңыз. Сатып алған соң заңды түрде келісім-шартты ұмытпаңыз. 

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu, pogazam.ru, service-as.ru

Қ. Қауымбек