Сағынтаев "Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлы есімін беруді ұсынды

Сағынтаев "Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлы есімін беруді ұсынды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросының бекеттері атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағынтаев өзінің Facebook-парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін жазған болатын. Ол жерде көтерілген мәселе Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуге қатысты еді.

Бақытжан Сағынтаев "Достық" бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынған. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы мүмкін бекетке "Қарасай" атауы ұсынылмақ.

"Достық" бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның іске қосылуы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. "Западный" автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.