АҚШ-та "қара жәшікті" көліктер шығарылатын болды

АҚШ-та "қара жәшікті" көліктер шығарылатын болды

Жақын арада америкалық автоөндірушілер жеңіл және жүк көліктеріне "қара жәшіктер" орналастыратын болады. Осындай бұйрықты АҚШ жол қозғалысының қауіпсіздігі ұлттық әкімшілігі беріп отыр. 

Автокөліктегі "қара жәшіктер" ұшақтағыдай қызмет атқаратын болады. Көптеген концерндер қазірдің өзінде көліктеріне осындай тіркегіштерді орналастырып үлгерген. Статистика бойынша, "қара жәшікпен" жаңа көліктердің 96%-ы жабдықталған. 

Мысалы, ішінде "қара жәшігі" бар Массачусетс штатының вице-губернаторы Тимоти Мюррейдің көлігі өткен жылы жол көлік оқиғасына ұшыраған. Ол оқиға кезінде белбеу тағып және жылдамдықты шектен асырмағанын айтқан. Әйтсе де "қара жәшік" оның сөзін растамай, ақыр аяғында вице-губернатор 555 $ айып төлеуге мәжбүр болған екен.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: russian.qhsxyw.com

Б. Қосмағамбет