Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Авто / Жаңалықтар / Chance. Қазақстанда жасалған

Chance. Қазақстанда жасалған

Chance. Қазақстанда жасалған

Қазақстанда жақын арада бағасы аса қымбат емес Chance маркалы көліктің шығарылуы басталады. Бұл көлік отандық авто нарығында Daewoo Lanos деген атпен белгілі. Бұл туралы Алматыда өткен пресс-конференцияда AllurAuto компаниялар тобының директоры Андрей Лаврентьев мәлімдеді.

Лаврентьевтің сөзіне сенетін болсақ, Қостанайда орналасқан "Агромашхолдинг" зауыты көлік өндірісін осы жылдың 16 наурызында бастамақ. Осы жылы 3000 дана көліктің шығарылуы жаспарда бар. Лаврентьевтің айтуы бойынша, көліктің шығарылуына байланысты барлық құжаттарға қол қойылып, өндірістік линиядағы барлық жабдықтар орнатылып, мамандар сәйкесінше оқу-машықтанудан өткен. Бұл жобаның асырылуына барлығы 24 миллион доллар көлемінде инвестициялар тартылды.

Айта кететін жайт, қазіргі кезде нарығымызда бұндай көлік бар және де ол Украина елінен тасымалданылады. 2011 жылы осы көліктің 973 данасы сатылды. Бұл көліктерге көлемі 1,5, 1,4, 1,3 л қозғалтқыш орнатылып, темір тұлпарлар механикалық немесе автоматты беріліс қорабымен жабдықталмақ. Көліктің минималды бағасы-8990 АҚШ доллар. 

Бұған қоса, 2013 жылдың сәуірінен бастап жаңа Nomad маркалы көліктің өндірісі басталып, жыл сайынғы шығарылатын көліктің саны 25 мыңға жуық болады деген жоспар бар. Осы көліктің шығарылуына ресми рұқсат беретін лицензия SsangYong компаниясынан сатып алынып, келешекте SsangYong-тың қатарына Iveco техникасы қосылмақ.

Жоспарда Қостанайлық зауыт жүк көліктері мен әскери мұқтаждықтарды қанағаттандыратын техниканың шығарылуы да бар. Бұған қоса, 20 орынды жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың өндірісі де басталады. 2012 жылы барлығы Iveco маркалы көліктердің 400 данасы шығарылмақ.

Қазақстандық Nomad маркалы көлік


Cуреттер tengrinews.kz  сайтынан

Форумда талқылау

3987 12
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 17 ақпан 2012, 20:02
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 21:03

Негізі, аты ЗАЗ Chance болатын

+0
04 сәуір 2012, 03:21

Шанс колиги арзаннын тузы татымас :lol:

+0
20 ақпан 2012, 00:42

Номад әдемі екен!

+0
26 ақпан 2012, 01:29

Номад деп жургендерің, ол Корейдің Ссанг Ионгі ғо! Тек атын ғана өзгертіп пихать ете беред! Ал аңқау қазақтар ООО деп қапты соған!

+0
20 ақпан 2012, 11:16

Тоқалыма Номад әпермесем! Тағы тоқал боламын деушілерге алтын сырға???

+0
22 ақпан 2012, 11:33

красавчик!

+0
24 ақпан 2012, 23:42

9000 мынга оданша кішкене ескілеу "иномарка" алган дурыс меніңше, мынадай чэнс сиякты "тазик" мінгенше! ал Номад дизайны айтуға тұрарлық

+0
25 ақпан 2012, 00:48

бағасын кім біледі?

+0
25 ақпан 2012, 00:59

Алған соң немістің көлгін алған дұрыс, тым құрыса сүйегі қалады.

+0
25 ақпан 2012, 01:16

Неге Отандық автоөндірісті аяққа тұрғызбасқа? ескі-құсқы көлік мінгенше, жаңасына мініп, отандастарыңа ақша тауып, күн көру мүмкіндігін неге бермеске?жеке пікірім

+0
01 наурыз 2012, 05:31

озимиздин изобретательдарды колдамаймыз ба, чем баска елдин машиналарын атын озгертип биздики дегенше!! Мысалы: http://news.nur.kz/207598.html

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...